АҚШ Украинаға ұзақ қашықтықты қанатты зымырандарын беруді бастайды
УАШИНГТОН. 7 қыркүйек. АҚШ Украинаға Ресейдің жер астындағы нысандарына соққы беретін ұзақ қашықтықтағы қанатты зымырандарын беруге дайындыққа кірісіп кетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Құрама Штаттарда бұл мәселеге қанық үш адамның мәліметіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі мұндай атты күнге жететін күннің жақын екенін мәлімдеді.
Мәнбенің айтуынша, әңгіме Вашингтон биылғы күзде Киевке арналған қару-жарақ пакетіне енгізу жоспарланып отырған «әуе-жер» зымырандары (JASSM) жайында болып отыр. Сонымен бірге, агенттік сұхбаттастары атап өткендей, нақты соңғы шешім әлі қабылдана қоймапты. Бірақ оның таяуда оң шешілетінінен күмән жоқ.
Бір айта кететін жайт, JASSM зымырандарының ескі модельдері шамамен 370 км қашықтыққа жететін болса, жаңалары 800 шақырымнан асып түседі. Алайда Reuters АҚШ олардың қайсысын Украинаға бергелі тұрғанын нақтылай алмады. Ұзындығы шамамен 4 м зымырандар мүмкіндігінше көрінбейтін етіп жасалған. Бұл оларды әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен анықтауды қиындатады. Олар сондай-ақ жерге жақын ұша алады. Сонымен қатар, оларды әуе қорғанысын айналып өту үшін бағдарламалауға болады.
JASSM зымырандары әлі күнге дейін тек америкалық ұшақтармен біріктірілген. The Times газетінің хабарлауынша, Нидерланд осы жазда Украинаға алғашқы алты F-16 истребителін берген, олардың әрқайсысы екі қанатты зымыранды алып жүре алады.
Сонымен бірге Уашингтон Ресейге америкалық қару-жарақпен соққы беруге шектеулерді әлі алып тастаған жоқ. The Economist басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский 22-23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, қараша айында өтетін президенттік сайлау алдында соңғы рет Ресей аумағына соққы беруге рұқсат алуға тырысады.
Ресейдің Украинаға жасап отырған басқыншылық соғысын тым ұзата бермей тоқтату үшін бұл зымырандардың атқарар рөлінің өте күшті болатынына ешқандай күмән жоқ.