Ресей мектептеріне оқушыларды соғысқа дайындайтын пән енгізіледі
МӘСКЕУ. 7 қыркүйек. Ресей енді мектеп оқушыларын окоптар қазып, соғыста жарақтанғандар жарасын таңуға үйрететін болып дүрлігіп жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жаңа пәннің аты «Основы безопасности и защиты отечества» деп аталады.
Бұған дейін мәтбұғат хабарлағандай, орыс елінде жоғары сынып оқушыларын окоп қазу мен алғашқы медициналық көмек көрсету машықтарын меңгеруге, қару-жарақтар мен улы заттар классификацияларына қанық болуға баулу қолға алынғалы жатыр. Оларға сондай-ақ ядролық жарылыстардың зардаптары мен соғыс жағдайында ядроны қолдану белгілері жайлы дәріс оқытылады.
Ресей оқушыларына сондай-ақ ұшқышсыз ұшақтардың тарихы мен құрылымдық ееркшеліктерін оқуға тура келеді. Білім министрлігіндегілер «Қауіпсіздік пен отан қорғау негіздері» курсы шәкірттерді отан қорғауға даярлауға тиіс екенін, сондықтан оның жекелеген бөлімдері әскерге шақырылуға, келісімшарт бойынша армияда қызмет етуге және әскери мамандықты зерттеуге арналатынын айтты.
РФ білім министрі Сергей Кравцов бұдан бұрын «Основы безопасности и защиты отечества» пәнінің Украинадағы соғыс тәжірибесі негізінде әзірленгенін мәлімдеген еді.