Қазақстан Қырғызстанның соңын ала TikTok желісін бұғаттауы мүмкін
АСТАНА. 23 сәуір. Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі Қытайдың қысқа видеосюжетті TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның алдында Қырғызстан бұл сервистің қолжетімділігін шектеп қойған еді.
«Біз мәселені зерттейміз. Менің көзқарасымша, [бұғаттау] керек, мен мұны министр ретінде айтып тұрмын, мұның жайын қарауымыз керек, себебі, көріп тұрсыздар ғой, біздің көбіміз соған елігіп кеткенбіз, оны балалар көріп отыр», – деді министр Аида Балаева.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде жалған ақпарларды, экстеримистік, порнографиялық материалдарды тарату, алаяқтық фактілері кең етек алып келеді.
«Мониторинг әлеуметтік желілердегі заңға қарсы контенттердің саны артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Байқайсыздар ма, қазір көптеген елдер кейбір әлеуметтік желіні бұғаттап тастап, олардан бас тартуға мәжбүр болғаны әлемдіе тенденцияға айналды», – деп түсіндірді министр мұны.
Оның айтуынша, TikTok-ты бұғаттау елдері тұрақтылықты сақтап қалуға көмектеседі.
Өткен апатада Қырғызстан интернет-провайдерлер осындай шешім қабылдады.
Ал кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров қазір жастарды ата-баба тәлімі емес, TikTok тәрбиелеп жатқанын айтып, дабыл қақты.