Саха республикасының Қазақстандағы күндері салтанатты түрде жабылды
АЛМАТЫ. 23 сәуір. Бүгін Алматыда Ресейдің Саха-Якутия республикасының Қазақстандағы күндерінің салтанатта жағдайда жабылу рәсімі болып өтті. Бұл туралы ЯСИА ақпарат агентігінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстанда Саха (Якутия) респбликасы күндері 18-23 сәуір аралағында қанат жайды. Оның қорытынды шарасы Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында «Ньургун Боотур» опера-балетінің қойылуы болды.
Күндердің жабылу салтанатында Саха республикасының мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноев сөз сөйледі. Ол Саханың Қазақстандағы күндерінің ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен өңір басшысы Айсен Николаевтың 2023 жылдың қаңтарындағы келісімі қорытындысы бойынша өткізілгенін атап өтті. Шара Астана және Алматы қалаларында өтті. Онда республика өзінің сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетін көрсетті.
Күндер шеңберінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Осылайша Саха Солтүстік Қазақстан облысыгың әкімімен бірге сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалар бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады. Саха басшысы сондай-ақ Қазақстан Президентімен кездесіп, республикалар ынтымақтастығының бағыттарын талқылады.
Саха өнер шеберлері Қазақстан тұрғындары мен қонақтарына кең ауқымды мәдени бағдарлама ұсынды. Соның ішінде «Виртуозы Якутии» мемлекеттік ансамблінің өнерлері үлкен табысқа жетті. Қазақстандық көрермендер сондай-ақ «Кыыс Дэбилий» олонхо спектаклін, олонхо айтушылардың «Встреча эпосов мира» атты концертін, қазіргі заманғы «Геометрия движения» және «Сияющий камень» балеттерін жоғары бағалады.
Бұлармен қоса, осы күндерде республиканың «Сокровища Якутии» қолданбалы-халықтық өнер және халық мәдениеті көрмесі мен «Чарующие звуки предков» музыкалық аспаптар жылжымалы көрмесі жұмыс істеп тұрды.
Күндерде спорт саласы да назардан тыс қалмады. Астанада саха және қазақ спортшылары мас-рестлинг пен еркін күрестен матчтық кездесу өткізді.
«Біз қымбатты Қазақстан халқына өзімізді қуана қарсы алғаны үшін ризамыз. Астана мен Алматының залдары біз өнер көрсеткенде толып отырды. Сіздердің біздің әртістерге қызу қол шапалақтауларыңыз Қазақстан мен Саха арасындағы достық пейілді байқатады. Біз Саханың Қазақстандағы күндері ұйымдастырылғанына қуаныштымыз, енді біз сіздерді өз елімізде күтеміз», – деді Афанасий Ноев.