Министрлік Ұлытау облысында 1,5 мың жылқы қырылғанын мойындады
АСТАНА. 29 наурыз. Ауыл шараушылығы министрлігі биыл Ұлытау облысында орын алған жұт салдарынан 1,5 мыңға жуық жылқынып қарап болғанын растады. Бұл туралы kursiv.media дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангелді Бердалин Ұлытау облысының аумағында қырылған жылқылардың 1 475-інің өлексесі жойылғанын айтты. Сонымен бірге, құлаған жылқы басының басым бөлігінде сәйкестендіру нөмірі жоқ (чиптер немесе таңба жоқ) екенін, сондықтан АШЖБ дерекқорында тіркелмегенін, аудандық ветеринариялық станцияларға мал иесінен өлім фактілері туралы өтініш түспегенін баяндады.
«Жеке және заңды тұлғалар мал басын сәйкестендіруді қамтамасыз етуге («Ветеринария туралы» заңның 25-бабының 5-тармағы) және малды сатып алу, сою және өткізу туралы хабарлауға міндетті. Заң талаптарын орындамаса, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай айыппүл салынады. Осыған орай, мал иелері жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсінгендіктен, өлген малға қатысты құқығын талап етуге асықпай отыр», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттен қолдау және басқа да жеңілдіктер алу үшін мал ресми түрде тіркелген болуы керек. Сондай-ақ есепке алу және ветеринариялық талаптарды сақтау халықты малдың қырылуынан және қауіпті аурулардың таралуынан сақтайды. Есеп болмаған соң, ондай малшылар мемлекеттен жем субсидиясын да ала алмады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлытау облысына жем-шөпті субсидиялауға 1,4 млрд теңге берілген.
Қымызымен аты шыққан Жаңарқа ауданының жұрты әлеуметтік желілерде жылқыға жұт келгенін жазып жатыр. Аштан қырылған жылқы малының суреттерін жарыса жариялауда. Тұрғындардың айтуынша, далада жатқан өлекселердің саны бүгінде 2000-ға дейін жеткен.
Ақмола облысының шаруаларына да жылқы басының қырылуы оңайға соқпай тұр. Ауа райының қолайсыздығынан және жайылымдық жерлердің қатқақ болуынан Біржан-Сал учаскесінде (Мамай ауылы) жылқылардың тебіндеуі қиындап, ең жас және кәрі малдар қырылған. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, қазірге дейін 117 жылқының өлексесі табылған. Оның ішінде тек 27 бас жылқы ғана жергілікті жерлердегі ветеринариялық есептікке алынған. Қалған жылқылар нақты тіркеуде жоқ олардың иелері де белгісіз. Қазір халықтың негізгі бөлігі жануарларды күтіп-бағуды жеке аулаларына ауыстырған. Жайылымда тек қана иелері қалаларда және басқа елдімекендерде тұратын, сондай-ақ өз малдарын азықпен қамтамасыз етпеген тұрғындардың малы қалған.
Ұлытауда жұттың алдын алуға күзде 1,4 млрд теңге бөлінген. Бірақ соған қарамастан, аштықтан талай шаруаның жылқысы қырылды.
Журналистер аграрлы елде ауыл шаруашылығы саласының нашар дамуының себебі мен бағалардың өсу себебін сұрады.
«Вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанның баға өсімі жөнінен ЕАЭО бойынша көш бастап тұруының себебін ауыл шаруашылығының нашар дамуымен байланыстырады. Қалай ойлайсыз, неге елімізде бұл сала дұрыс дамымай жатыр?», –деді журналист.
Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Ол бұл саланың 90-шы жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда дамығанын тәкпір етті.