Моуринью жұмысқа оралғысы келеді, біздің фанаттар оны шақырғысы келеді
ЛИССАБОН. 29 наурыз. Протугалдың танымал футбол коучы Жозе Моуринью бапкерлік қызметін жалғастырғысы келетінін білдірді. Бұл туралы A Bola телеарнасының ақпарына назар аударған rast.kz хабарлайды.
«Қазір менің клубым жоқ, мен боспын. Бірақ алдағы жазда жұмысты бастап кеткім келеді. Футбол – менің өмірім, мен кез келген жерде жаттықтыру жүргізе аламын», – деді Моуриньо.
Атап өтейік, итальянның «Рома» клубы биылға 16 қаңтарда оның жаттықтырушылықтан кеткені жайлы ақпар жариялады. Ол «қасқырларды» жаттықтыруды 2021 жылы қолға алған болатын. Контракт осы маусымның соңына дейін жасалған. Бірақ «Романың» соңғы чемпионаттағы ойындарына көңілдері толмаған клуб қожайындары келісімшартты ертерек үзуге шешім қабылдады. Тап сол күні команда егелері Дэн және Райан Фридкиндер бірден Моуриньоны доғарысқа жіберіп, оның орнына «Романың» бұрынғы ойыншысы Даниеле Де Россиді әкеліп қоя қойды.
Жозе Моуриньо Рүмнің «Рома» клубына келгенге дейін ағылшынның «Манчестер Юнайтед» және «Челси» испанның «Реал» (Мадрид), итальянның «Интер» (Милан), португалдың «Порту», «Лейрия», «Бенфикай» командаларын жаттықтырған болатын. Ол жаттықтырушы ретінде екі мәртеден Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын (бұрынғы УЕФА Кубогы), бір дүркін Конференция лигасын (ертеректегі «Жәрмеңке Кубогы» орнында пайда болған) жеңіп алды.
Айтқандай, соңғы күндер қазақ футболының жанкүйерлері «Адиев кетсін, Моуриньо келсін!» деген ұран көтеріп жүр. Сөйтіп, ұлттық құрама тізгінін португалдың атақты бапкері ұстағанын қалайтындарын ашық айта бастады. Шамасы, бұл әңгіме белгілі коучтардың арасында тек Жозе Моуриньоның ғана қазір бос отырғанынан шықса керек. Бірақ барлық мәселе, айналып келгенде, жаттықтырушыда емес, құрама ойыншыларының өздерінде екенін ұққан да жөн-ау!