Зеленський: Ресей жағында 155 Қытай азаматы соғысып жатыр

КИЕВ. 10 сәуір. Украина президенті Володимир Зеленський Қытайдың 155 азаматының басқыншы Ресей армиясы сапында соғысып жатқанын айтты. Бұл турады Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украин лидероі өз армиясына қарсы соғысып жатқан 155 қытайлық азаматтың бар екені анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қытайлықтар TikTok арқылы жұмысқа қабылдануда.
Украина президенті Володимир Зеленськийдің дерегінше, 155 Қытай азаматы Ресей жағында украиндарға қарсы соғысуда. Киев олардың аты-жөні мен паспорт мәліметтерін біледі. Мұны президент 9 сәуір, сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
«Біз ақпарат жинап жатырмыз, олардың саны көп, бұдан да көп деп есептейміз. Біз 155 легионердің қытайлық төлқұжаты бар екенін білеміз. Олар қазір 70, 71, 255 мотоатқыштар полктары құрамында жүр», – деді ол.
Зеленськийдің айтуынша, ресейліктер TikTok және Жөңгенің басқа да әлеуметтік желілері арқылы ханзуларды жұмысқа алады, онда тиісті жарнамалар таратылады. Қытай билігі бұл туралы ештеңе білмейді, оның өз жалдау сызбалары бар.
Жұмысқа алынған Қытай азаматтары Мәскеуге әкелініп, медициналық тексеруден өтіп, кейін бір-екі айға оқу орталықтарына жіберіледі. «Қытайлықтар көші-қон карталары мен карталарды Мир төлем жүйесінен алады, оларға ақша төленеді», дегендіқосты Украина президенті.
Бұған дейін Зеленський Донецк облысындағы майданда Украина қарулы күштері Ресей әскерлері жағында соғысқан екі Қытай азаматын тұтқынға алғанын хабарлаған. Оның айтуынша, ұсталғандардың қолында Қытай азаматтығын растайтын құжаттары болған.
Зеленський сондай-ақ тұтқындардың видеосын жариялады және Киевтің Ресей әскери бөлімдерінде соғысып бұдан басқа қытайлықтар бар екенін білетінін атап өтті.
Уашингтон Ресейдің Украинадағы соғысқа Қытай азаматтарын араластыруына алаңдаушылық білдірді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс: «Қытай Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдаудың негізгі көзі болып қала береді. Оның атап өтуінше, Қытай Ресейге соғысты жалғастыру үшін қажет қос мақсаттағы тауарлардың 80 пайыз дерлік жеткізіп отыр», – деді.
Бейжің Ресей жағында соғысу үшін Украинаға өз әскерін жібермегенін айтты. «Қытай билігі өз азаматтарынан Ресейдің Украинаға қарсы соғысына кез келген нысанда араласпауды талап етеді», деп мәлімдеді Қытай сыртқы істер министрлігі.