Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бүгінгі матчқа Әліп, Таңжарықов, Свиридов қатыспайтыны белгілі болды

АФИНА. 21 наурыз. Қазақстан құрамасының бүгін Грекия командасымен кездесуіне Әліп, Таңжарықов, Свиридов секілді футболшылар қатыса алмайды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Грекиямен болатын ойынға үш ойыншыны қатыстыра алмайтынын растады.

Коуч бүгін бекіткен сөрелік құрамда тәжірибелі қорғаушы Нұралы Әліп, жас дебютант Әділхан Таңжарықов пен шабуылшы Иван Свиридов болмайды. Соның ішінде Әліп «сары қағазы» көп болғандықтан, матчты трибунадан тамашалайтын болып отыр.

Ал, бұған дейін хабарланған 23 ойыншының бәрі бас жаттықтырушы тізіміне енгізілді. Олардың 11-і сөрелік құрамда матч басынан алаңға шықса, қалғандары резервтік құрам сапында өз кезектерін күтеді.

Кездесу Афинадағы «Айя-София» стадионында ойналады. Ол 2022 пайдалануға берілген.

Ойынға нидерландтық арбитр Дэнни Маккели алаңда төрешілік етеді.

Матч бүгін Астана уақытымен 00:35 сағаттан бастап Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button