26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Жаңа Зеландияны 10:0 етіп ұтты

22 Қыркүйек 2024 15:45
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Жаңа Зеландияны 10:0 етіп ұтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 21 қыркүйек. Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық турнирінде Жаңа Зеландияны 10:0 етіп ойсырата жеңді. Бұл туралы Livesport ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Біздің жерлестеріміз Ташкенттегі «Humo Arena» спорт кешенінде қарсыластары қақпасына жауапсыз 10 гол салды.

Бұл ойынға Қазақстан сапынан Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов қатыса алмады. Алғашқысы жарақатына байланысты, екіншісі Испаниямен ойындағы қызыл қағазға байланысты тыс қалды.

Ал доптарды Ринат Төреғазин (8), Ақжол Дәрібай(12), Арнольд Кнауб (15,16, 21, 22, 36), Лео Жарагуа (21, 30) салды. Негізінде, Кнауб 31-минутта да бір гол соғып еді, бірақ төрешілер оны автоголға жатқызып жіберді.

Осымен қазақстандықтар топтық кезеңнің ойындарын аяқтады. Олар бірінші турда Испания құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, екінші турда Ливияны 4:1 етіп жеңген еді.

Соңғы турда сондай-ақ Испания құрамасы Ливияны 8:0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, доп айырмасын 16-2 еткен испандар топта бірінші орынға шықты. Ал Қазақстан құрамасы 15-2 айырымымен екінші орында қалды.

Енді екі құрама да плей-офф кезеңінде күш сынасады.

1/8 финалда Қазақстан С тобының жеңімпазымен жолығады. Ұлттық құрамамыздың қарсыласы Португалия және Марокко құрамаларының қай жеңгені болады.

Өкінішке қарай, жоқ жерден құрамадағы көшбасшы ойыншылардың бірі Лео Жарагуа қызыл қағаз алды. Ол енді 1/8 финалда алаңға шыға алмайды.

Таңбалар: Жаңа Зеландияқазақстан құрамасытоптық кезеңфутзал

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

22.06.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist