Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті
АСТАНА. 14 қазан. Енді Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендерден қазақ тіді мен республика тарихын білу міндеттелетіні белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«2024 жылғы 8 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді», – делінген хабарламада.
Құжатқа сәйкес, азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында үміткер мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл және Қазақстан тарихы бойынша ең азы 15 балл жинауы қажет.