РФ «вагнершілердің» үлгісімен Африкада жалдамылар армиясын құрмақшы
МӘСКЕУ. 30 қаңтар. Кремль Африка құрлығынан «Вагнер» жеке әскери компаниясы» сипатына ұқсас жалдамалылар армиясын жасақтап алуға біржола бет бұрды. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей өзінің Африка елдеріне ықпалын күшейте отырып, сол жақтан Евгений Пригожиннің «Вагнер» жеке әскер компаниясының ізімен 20 мың жалдамалы жауынгерлердің басын құрайтын экспедициялық қарулы топ құруға қатты ынтық болып отыр.
«Германия фашизмінің туын тігуші Адольф Гитлердің экспедициялық күшіне ұқсас Африка корпусы, өзінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың ортасына дейін Ресейге достық пейілдегі Буркина-Фасо, Ливия, Мали, Орталық Африка республикасы және Нигер секілді кемінде бес елде қанатын жаю үшін ынта білдіргендер мен «Вагнердің» бұрынғы содырларын жинап алмақшы. Пригожиннің өлімінен кейін «Вагнер» техникалық жағынан таратылып жіберілген, бірақ әрекет етуін жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Мағбұғат РФ қорғаныс министрлігінің бақылауында болатын Африка корпусының Ресейдің әскери қуатын арттыра түседі деп есептейді.