17 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпке инвестиция тартуды арттырды

5 Желтоқсан 2023 20:38
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылорда облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпке инвестиция тартуды арттырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 желтоқсан. Биылғы жылы Қызылорда облысының экономикалық әлеуетіне тікелей ықпал ететін салалардың қарқынды дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сыр бойында, әсіресе, кәсіпкерлік және өнеркәсіптің өркендеуіне айрықша мән беріліп отыр. Үстіміздегі жылы бұл салаларға тартылған инвестиция көлемі  386,4 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, ол 95,5 млрд теңгеге немесе 27,7 пайызға артқан.

Инвестиция тарту – игі істердің бастауы. Биыл облысқа 424,2 млрд инвестиция тарту межеленген еді. Дегенмен демеушілер есебінен жүзеге асырылатын жобаларға 45 млрд теңгедей қосымша резерв анықталды. Сондықтан алдағы уақытта облысқа 472 млрд теңге инвестиция тартудың мүмкіндігі бары айқындалып отыр.

Биыл өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобаларға құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 45 жоба енгізілді. Оның ішінде жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайтын 285 жұмыс орнын қамтитын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын 4 жобаның жұмысы басталды.

Бұдан бөлек, құны 3,5 млрд теңгені құрайтын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт өнім шығаруда. Сондай-ақ, облыстағы ең ірі жобалардың бірі – шыны зауыты да өз өнімдерін нарыққа шығаруда. Зауыт іске қосылғаннан бері 167 мың тонна өнім өндірген.

Бұдан бөлек, неміс компанияларымен бірлесіп, бірнеше зауыттарды іске қосу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңірде шағын және орта кәсіпкерлік саласы да серпінді  дамуда. Биыл кәсіпкерлердің саны 9 пайызға ұлғайып, 75 640 бірлікке жетті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің саны 10,3 пайызға артып, 70 977-ні құрады.

2023 жылы аймақта шағын және орта бизнестің 3,5 мыңнан аса жобасы 42 млрд теңге шамасында қаржыландырылды. Оның ішінде облыс әкімінің қолдауымен ауыл кәсіпкерлерінің үлкен сұранысына ие болған «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығымен 3 млрд теңге қаражат 358 жобаны қолдауға жұмсалды.

Бұл өз кезегінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының макрокөрсеткіштеріне септігін тигізді.

Таңбалар: инвестициякәсіпкерлікҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist