Кремль Халықаралық соттың шешіміне даурыға қарсы шықты
МӘСКЕУ. 17 наурыз. Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындау жөніндегі шешімін буырқана қарсы алды. Бұл туралы ресейлік оппозициялық ресурстарға сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Шын мәнінде Ресейде нағыз истерика жүріп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) бүгін, жұма күні Ресей президентімен бірге оның балалар құқығы жөніндегі уәкіоі Мария Львова-Белованы қамауды нұсқайтын ордер берген болатын.
«Билік басындағы 23 жылында геосаясаткерден кәдуілгі қылмыскерге дейінгі жолдан жүріп өткен РФ президенті бұдан былай темір тордың арғы жағынан табылып қалудан қауіптеніп, өз елінің территориясынан бір қадам да сыртқа шыға алмайды. 17 наурызда Ресей президенті Владимир Путинді, сондай-ақ оның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға халықаралық ордер жазылып берілді», – делінген хабарламада.
Ал РФ сыртқы істер министрлігінің спикері Мария Захарова өз елінің ХҚС шешімін орындамайтынын мәлімдеп те үлгерді. Себебі, Ресей «Халықаралық қылмыстық соттың Римдік жарғысының» мүшесі екен, сондықтан ХҚС шешімін орындау міндетіне жатпайды-мыс. Бірақ ол шынында сандырақтап тұр, аталмыш статустың ресми сайтында Ресейдің оған 2000 жылдың 13 қыркүйегінен бері мүше екені тайға таңба басқандай етіліп көрсетіліп тұр.
Бұған қоса, Маша ханым аталмыш шешімнің «құқықтық жағынан алып қарағанда, ешқандай заңды мағынасы жоқ» екенін баяндады.
Ал балалар омбудсмені Мария Львова-Белова Украинаға соғыс ашқаны үшін Путинге ерекше алғыс сезімін жеткізді. Ол осының арқасында Мариупольден бір бала асырап алуға қол жеткізген екен. «Халықаралық комитеттің біздің еліміздің балаларға жасап жатқан қамқорлығына назар аударғаны қандай керемет», – деді ол кімді және не үшін әжуалап отырғанын өзі де түсінбей. Цинизмнің мұндай да қояншық түрі болады екен.
Сенатор Андрей Клишас Халықаралық қылмыстық сот берген ордердің ешқандай құқықтық негізі жоқ деп соқты. «ХҚС осы арқылы өзін өзі жойып жіберу жолына түсті. Ресей оның барлық судьяларын тұтқынға алу жөнінде ордер беруі тиіс», – деп одан ары сандырықтап кетті.
Еске сала кетейік, Путин енді әлемнің 120-дан астам еліне ара алмайды, барса – сол бойда қамауға алынып, бірден жауапқа тартылады.
2003 жылғы 1 ақпанға қарай Рим статусына 139 ел қол қойып, 88 мемлекет оны ратификациялады.
Рим статусына қол қойған елдердің шеруі мынадай:
Австралия, Австрия, АҚШ, Албания, Алжир, Андорра, Ангола, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Буркина-Фасо, Бурунди, Біріккен Араб Әмірлігі, Венгрия, Венесуэла, Габон, Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Биссау, Германия, Гондурас, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминика республикасы, Египет, Жаңа Зеландия, Жаңа Мыс аралы, Замбия, Зимбабве, Израиль, Иордания, Иран, Исландия, Ирландия, Испания, Италия, Йемен, Камбоджа, Камерун, Камор аралдары, Канада, Кения, Кипр, Колумбия, Конго, Конго демократиялық республикасы, Корея республикасы, Коста-Рика, Кот-д`Ивуар, Кувейт, Қырғызстан, Латвия, Лесото, Либерия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Маврикий, Мадагаскар, Македония, Малави, Мали, Мальта, Маршалл аралдары, Мексика, Мозамбик, Молдова, Монако, Моңғолия, Морокко, Намибия, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Африка республикасы, Орталық Африка республикасы, Өзбекстан, Панама, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Самоа, Сан-Марино, Сан-Томе және Принсипи, Санта-Лусия, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадина, Сейшель аралдары,Сербия, Словакия, Словения, Соломон аралдары, Судан, Сүрия, Сьерра-Леоне, Таиланд, Танзания, Тәжікстан, Тринидад және Тобаго, Уганда, Украина, Уругвай, Ұлыбритания,Фиджи, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чад, Чили, Чех республикасы, Швейцария, Швеция, Шығыс Тимор, Эквадор, Эритрея, Ямайка.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.