Қытай Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдайды
НЬЮ-ЙОРК. 1 қазан. Қытай Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығына құрмет көрсететінін ресми жағдайда мәлімдеді. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
Кеше, 30 қыркүйек, жұма күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ҚХР-дың бүкіләлемдік ұйым жанындағы өкілі Чжан Цзюнь өз елінің бұл мәселедегі позициясын осылай жеткізді.
«Қытайдың Украина мәселесі бойынша позициясы дәйекті және айқын. Барлық елдердің егемендігі мен территориялық тұтастығы қамтамасыз етілуі тиіс. БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптері сақталуға тиіс, барлық тараптардың қауіпсіздік саласындағы заңды алаңдаушылықтары ескерілуі тиіс. Жанжалдың бейбіт жолмен реттеуіне ықпал ететін барлық жағдайларға қолдау көрсетілуі қажет», – деді ол.
Қытай жанжалға қатысушы барлық тараптарды бітімге қол жеткізу келіссөзідерді қайта қалпына келтірудің барлық жағдайларын жасауға және ұстамдылық көрсетуге шақырды.