Кларк: Кремльге сенуге болмайды, ол 190 келісімді орындаған жоқ

ЛОНДОН. 27 наурыз. Британияның әскери сарапшысы Майкл Кларк Мәскеумен келісім жасап қажеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәскеумен келісім жасасудың ешқандай мағынасы жоқ, өйткені ол өзіне қолайлы кез келген мезетте оны бұза салады.
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен оның жақын шеңбері Ресей диктаторы Владимир Путинге сенетіндерін айтады. Бұл – үлкен қателік. Кремль осы кезге дейін кемінде 190 ірі халықаралық келісімдерін бұзды. Бұл жайында әскери аналитик Майкл Кларктың сөздеріне сілтеме жасаған Sky News хабарлады.
Уашингтон Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруден бас тарта отырып, оны Ресейдің алдында капитуляция жасауға итермелеп отыр. Америкалықтар украиндарға басқыншылардың екінші қайтара соғыс ашатындарын жоққа шығарып, олардың сөзіне жай сене салуды ұсынады,
Алайда Киев Мәскеуге сенбейді. Және мұнысы өте дұрыс еді. Кларктың есебінше, РФ осы кезге дейін өзінің кемінде 190 ірі және маңызды халықаралық келіссөзін бұзып үлгеріпті.
«Солардың ішінде ең ірісі, менің ойымша, 1994 жылғы Украина бұрынғы Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық қаруынан бас тартқан Будапешт меморандумы болып отыр», – деді Кларк.
Сарапшы КСРО ыдырағаннан кейін Украинаның тек ядролық оқтұмсықтарды алып қалу ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану мүмкіндігі болғанын атап өтті. Бірақ Киев Ресей мен АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігін берулерінен кейін ядролық қарудан бас тартты. Әлбетте, бұл үлкен қателік болды. Бұған 2014 жылы Кремльдің бұл келісімді өзі бір жақты бұзып, Қырым мен Донбасстың бір бөлігін басып алуынан кейін анық көз жетті.
Содан кейін Украина елдің шығысындағы соғысты тоқтату үмітімен Мәскеумен атышулы Минск келісіміне қол қоюға мәжбүр болды. Алайда империялық амбициядағы Ресей 2022 жылы ақпанда бұл келісімді де бұзып, Украинаға қарсы кең көлемді соғыс ашып, оның жеріне үш бағыттан басып кірді.
«Енді Уашингтон Киевті Ресейге қалпына келіп, жаңа күшпен соққы беруге мүмкіндік беретін тағы бір бос келісімге қол қоюға итермелеп отыр. Егер агрессор жазаланбаса, ол қылмысын қайталайды», – деді Кларк.