Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин ешқандай ымыраға бармайды, ол ақырына дейін соғысады (видео)

УАШИНГТОН. 11 наурыз. Батыс сарапшылары Ресей диктаторы Владимир Путинді ешқандай келіссөз тоқтата алмайды, ол соғысын жалғастыра береді дейді. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Батыс шенеуніктері диктатор келіссөздер алдында әдейі өте жоғары талаптар қойып отырғанын, өйткені олардың украиндар мен еуропалықтар тарапынан қабылданбайтынын жақсы біледі.

«Ресей диктаторы Владимир Путин украиндар үшін қабылданбайтын талаптарды әдейі қойды, себебі ол ешқандай жағдайда орындалмайды, бұл өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамптың бітімгершілік келісімге келу әрекетін қиындатады», – деп жазады Bloomberg.

«Батыс шенеуніктері Ресей президенті Владимир Путиннің территорияға, бітімгершілік күштерге немесе Украинаның бейтараптығына қатысты кез келген бейбіт келіссөздер кезінде ымыраға келу ниеті жоқ екенін айтты, бұл президент Дональд Трамптың тұрақты келісімге келу талпыныстарын қиындатады», – деп жазады басылым.

Путиннің келіссөздер қарсаңында әдейі «максималистік» талаптар қойғаны және олардың украиндар мен еуропалықтар үшін қолайсыз екенін білетіні атап өтілген. Сонымен қатар, басылымның мәнбелері ресейлік диктатордың  соғысты жалғастыра беруге дайын екенін айтты.

Басылымның атап өтуінше, Путиннің ниетіне мұндай баға беру «оның Украинамен шынайы және тұрақты бітімгершілік келіссөздер жүргізуге шындап кірісетініне күмән тудырады».

«Бұл Трамптың жұма күні Ақ үйде журналистерге Путиннің бейбітшілікті қалайды деп сенетінін айтқан пікіріне де қайшы келеді», – делінген мақалада.

Сондай-ақ басылым Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың Батыс шенеуніктерінің Ресей ұстанымын бұлай бағалауы «шындыққа сәйкес келмейді» деп мәлімдегеніне сілтеме жасайды.

«Ресей Украинаның айналасындағы бейбіт реттеуге, бейбіт күш-жігерге ашық және біз шын мәнінде бейбіт және дипломатиялық жолдар арқылы өз мақсаттарымызға жетуді қалаймыз» деді Песков және «егер бүгін және ертең Украинаның келіссөздерге дайын екендігі көрсетілсе, бұл басқа әңгіме болады» деді.

Америкалық тарап Украина делегациясымен кездесуді Киевтің Ресейге жеңілдік жасауға дайын немесе дайын еместігін анықтау үшін пайдаланғысы келетіні атап өтілді. АҚШ сонымен қатар Дональд Трамп пен Украина президенті Володимир Зеленськийдің жанжалды кездесуінен кейін Украинаның Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен қарым-қатынасын жақсартуға шындап ниеті бар-жоғын білгісі келеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button