Келіссөз: АҚШ Украинаның 2022 жылғы шекарасын мойындамайды

ӘР-РИАД. 11 наурыз. Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөз барысында АҚШ делегациясы Украинаның 2022 жылғы шекарасына оралу мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл туралы Sky News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Басылымның өз мәнбесіне сілтеме жасап хабарлауыншша, Дональд Трамптың командасы Украинаның 2014 жылдың ғана емес, тіпті 2022 жылдың шекарасына оралу мүмкіндігін де жоққа шығарып жатқан көрінеді. Демек, Кремль басқыншыларына осы кезге дейін басып алған аумақтарын түгел бере салмақшы.
Ресурстың Жиддадағы тілшісі атап өткендей, АҚШ бүгінгі келіссөз барысында Киевтің қандай шегіністерге баратынын, яғни бейбітшілік үшін қандай құрбандықты қабылдайтынын көргісі келетін көрінеді.
«Шамасы, украиналықтарға өздеріне өте ауыр тиетін шегіністер жасауға тура келетін сияқты, дегенмен біз бұл келіссөздер аяқталғаннан кейін атысты тоқтатудың қандай формадағы шешімге келетінін көретін боламыз және түсінеміз деп үміттенеміз», – деді ол.
Сонымен бірге, оның айтуынша, америкалық шенеуніктер Украинадан елдің 2014 жылғы (Ресейдің Қырымды аннексиялауы алдындағы) немесе 2022 жылғы (толық ауқымды басып кіруге дейінгі) позицияларына қайтару оралу туралы кез келген өтініштерін «естігілері келмейтінін» келіссөзге дейін жеке әңгіме түрінде ескертіп қойыпты.
Бүгін Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйінде Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды. Кездесудің негізгі тақырыптары бейбітшілікке апаратын жол және Украина мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынас болмақ.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина кез келген бітімгершілік келісімінің бөлігі ретінде аумақтық шегіністерге баруы керек деп мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Сауд Арабиясындағы украиналық және америкалық делегациялардың келіссөздері сәтті аяқталса, АҚШ Украинаға қару-жарақ пен барлау ақпаратын жеткізуге салынған тыйымды алып тастай алатынын айтты.