АҚШ Мадуроны тұтқындау сыйақысын 25 миллион долларға жеткізді
УАШИНГТОН. 14 қаңтар. АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындауға көмектесушінің сыйақысын 25 миллион долларға көтерді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұған дейін Ақ үй мұндай ақпарат үшін 15 миллион доллар сыйақы ұсынған болатын.
АҚШ Венесуэлада Николас Мадуроның үшінші президенттік мерзімінің инаугурациясы өтетін күні оған қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізумен бір мезгілде , бұл қылмыскерді ұстап бергендерге табыс етілетін сыйақы мөлшерін де көбейткенін баяндады. Уашингтондағылар президентті ірі көлемдегі есірткі контрабандасына және ақшаны арамдықпен егеленіп кетуге қатысы бар деп айыптауда.
Сонымен бірге АҚШ, Еуроодақ және басқа да бірқатар елдер Мадуроны заңды мемлекет басшысы ретінде мойындамайды. Олар оппозиция жетекшісі Эдмундо Гонсалесті Венесуэла президенті деп санайды. Өткен жылғы шілдеде өткен президент сайлауында сол жеңіске жеткен, бірақ Мадуро оның нәтижелерін өз пайдасына қарай бұрмалап жіберген.
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Венесуэла әлемдегі ең сыбайлас елдердің бірі болып қала береді. Уашингтон бұл елдің әскерилері мен жоғары лауазымды шенеуніктері заңсыз кен өндірумен және есірткі тасымалымен айналысады деп санайды.
2020 жылы Америка Құрама Штаттары Николас Мадуроға есірткі контрабандасы және ақшаны жылыстатуға қатысты айтып тақты. Күдіктілер қатарында Венесуэла үкіметінің маңызды тұлғалары, оның ішінде Жоғарғы сот төрағасы мен қорғаныс министрі де бар. Олардың үстінен АҚШ-та қылмыстық істер қозғалды.
Халықаралық қысымға қарамастан, Николас Мадуро өзінің жаңа президенттік мерзімін «бейбітшілік уақыты» болатынын жариялады. Алайда Би-би-си өз тілшілеріне сілтеме жасап хабарлағандай, елдегі жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр: соңғы айларда билік жаппай наразылық акцияларын қатаң түрде басып, жүздеген демонстранттарды қамауға алған.