26 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украинаның алдағы келіссөздегі басты көзірін жоғалту қаупі бар

9 Наурыз 2025 20:43
- Жаңалықтар, Оқиға
Украинаның алдағы келіссөздегі басты көзірін жоғалту қаупі бар
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 9 наурыз. Украина Ресеймен жүргізілетін келіссөздегі басты көзірі – Курск облысына егелік ету мүмкіндігінен айырылып қалуға жақын қалды. Бұл туралы CNN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина үшін Курск аймағындағы жағдай тез нашарлап барады, ал Киев жақын арада болашақ бейбіт келіссөздердегі басты көзірінен айырылып қалуы кәдік», – делінген телеарна хабарламасында.

Басылым авторлары Курскідегі украин әскерлерінің қиын жағдайда екенін айтқан екі жақтың әскери блогерлерінің жарияланымдарына сілтеме жасайды. Түпкі мәтінде Ресей қорғаныс министрлігінің төрт елді мекенді басып алғаны, сондай-ақ ресейдіктердің жұмыс істемей тұрған газ құбыры арқылы жасаған рейдтері жайлы айтылады.

Бұл жолы РФ армиясына Солтүстік Кореяның әскерилері белсенді түрде қолдау көрсетуде.

«Қиын, бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз. Корейлердің келуі жалғасуда», –  деді украиналық бір сарбаз CNN-ге.

Басылым авторы атап өткендей, егер Ресей Курск облысының аумағын түгелдей қайтарып алса, оның бұл жерден босаған жауынгерлерді Украинаның шығысына жіберуі мүмкін. Украина армиясы қазірдің өзінде Курск облысында өзіне бақылауына алған аумақтың жартысына жуығын беріп қойды.

Кейбір украин блогерлері қазір Ресейдің басымдылығын ескере отырып, Курскіге басып кірудің стратегиялық құндылығы таусылған болуы мүмкін дегенді айтады. CNN украинның әскери блогері Сергей «Флеш» Бескрестновтың айтқан сөздерінен үзінді келтіреді.

«Мен бұлай айтамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Бірақ, бәлкім, Курск бағытынан «жиылып-терілетін» уақыт жеткен де шығар. Ол жақтағы жігіттерге қиын. Жау ресурстарына алаңдаушылық туғызу ретінде бұл операция өзін әлдеқашан ақтап алды деп ойлаймын. Бірақ келіссөздердегі саяси көзір ретінде ұсынылатыны енді күмәнді», – деп жазды ол осы аптада Telegram-да.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ресей Курск аймағына өзінің ең тиімді ұшқышсыз ұшақтарының бірін, сондай-ақ жүздеген Солтүстік Корея әскерін, теңіз жаяу әскерлері мен десантшыларын жеткізген болатын. Соның нәтижесінде мұнда Украина өзінің көп техникасынан айырылды, логистикалық ахуалы күрделене түсті.

Мұндағы ресейліктердің қатарын жұмыс істемейтін құбырмен келіп, украиндардың ту сыртынан шығатын жүзге жуық арнайы жасақ жауынгерлері толықтыруы керек еді. Бірақ бұл рейд сәтсіз аяқталды, көптеген солдат құбыр ішінде уланып, тұншығып өлсе, одан аман шыққандарын украин сарбаздары түгел жайратып тастады.

 

Таңбалар: Курск облысыУкраинашабуыл

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist