Жаңалықтар жаңғырығы

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан кубалықты жеңіп, әлем чемпионы болды

БУДВА. 2 қараша. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ Төрехан Сабырхан өз командасында бірінші болып чемпион атанды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Турнирде 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан (67 кг) финалда кубалық Дэвид Эспиносамен жұдырық түйістірді. Оның қорытындысында біздің бағлан 4:1 есебімен басым түсті. Негізі, бұл есеп рингтегі жағдайды дәл бере алмайды. Төрехан үш раундта да қарсыласынан басым болды.

Қазақстандық боксшы чемпионатта бұған дейін черногориялық Милош Рогановичті (рингке шықпай қалды, 25 қазан), ауғанстандық Самир Хамдамды (5:0, 27 қазан), өзбек Акбар Ахмадовты (5:0, 29 қазан), қытайлық Жанг Хаошенгті (5:0, 31 қазан) тізе бүктірген еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button