Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Париж-2024: Назым кезекті бәсекелесін жеңіп, ширек финалға шықты (видео)

ПАРИЖ. 1 тамыз. Біздің 50 келіге дейінгі салмақтағы саңлағымыз Назым Қызайбай 1/8 финалда бразилиялық боксшыны айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әлемнің екі дүркін чемпионы деген атағы бар қызымыз бұл жолы Каролайн Барбоза де Алмейдамен шайқасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта қазақ қызы рингте еркін қимылдап, бәсекелесін соққының астына алумен болды.  Нәтижесінде, төрешілер осы кезеңде оған 5:0 есебімен жеңіс берді. Ал екінші раундта бразилиялық боксшы ашық төбелеске баруға әрекеттеніп бақты. Бірақ Назым оны қарсы соққылармен күтіп алып, тағы да раундты жеңіп шықты.

Соңғы раундта Назым басымдылығын арттыра түсті. Сөйтіп, қарсыласына таразы басын өзіне аударуға еш мүмкіндік бермеді.

Еске сала кетейік, бұұған дейін Назым итальян Джиордана Соррентиноны 4:1 етіп ұтқан болатын.

Біздің қыз енді ширек финалда түрік Бусе Наз Чакироглумен кездеседі. Ол Назымнан кейін рингке шығып, мексикалық Фатима Эррейраны 5:0 етіп ұтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button