Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты
АСТАНА. 23 шілде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті қысқа мерзімді демалысына кетті. Бұл туралы «Комсомольская правда» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығына қысқа мерзімді демалыста болады», – делінген хабарламада.
Президент демалысын қайда өткізеді, ол жайында ештеңе айтылмайды.
Бұған дейін Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа 2022 жылдың тамызында шыққан болатын. Ол 2021 жылдың шілдесінде де осылай демалуға шешім қабылдап, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына барып қайтқан еді.