Өткен түнде Украина армиясы ATACMS-пен Қырым түбегін атқылады
КИЕВ. 10 маусым. Украина Қарулы күштері ATACMS ракеталарымен Қырымды аяусыз атқылаудың астына алды. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Маусымның 10-на қараған түні америкалық ATACMS баллистикалық ракеталары Ресейдің Қырым түбегіндегі ПВО құралдары орналасқан аудандарының түте-түтесін шығарды, РФ қорғаныс күштері зымырандардың бірде-бірін атып түсіре алмады.
Нәтижесінде екі «С-300» әуе шабуылынан қорғаныс кешені мен төрт радиолокациялық станция істен шықты. Ресейдің ASTRA телеграм-арнасының жазуынша, РФ қорғаныс министрі әуе шабуылынан қорғаныс күштері 31-ші дивизиясының бір әскери қызметкері қаза тауыпты, алты адам жарақат алған.
Журналистер төрт ракетаның 31-ші дивизияның Жанкойда тұрған жеріне түскенін атап көрсетті. Мұнда екі радиолокациялық станция бүліншілікке ұшыпар, бір жауынгер жарақаттанған.
Тағы төрт ракета осы дивизияның Сак ауданындағы тұрған жеріне соққы берген. Бір әскери техника қиратылып, мұнда да бір әскери қызметкер жарақат алып қалған.
Екі ракета 31-ші дивизияның Қара теңіз ауданында тұрған бөлімшесін жойып жіберген. Оның ішінде «С-300» кешенінің екеуіне снаряд дөп тиген.