25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Науқастардың шақыртуына есекпен баратын медбикеге орден берілді

25 Наурыз 2023 23:17
- Аймақ, Жаңалықтар
Науқастардың шақыртуына есекпен баратын медбикеге орден берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 25 наурыз. Өзбекстан билігі пациенттер шақыртуына есек мініп барып тұратын медбикені екінші дәрежелі «Саломатлик» орденімен марапаттады. Бұл туралы өзбек сайттарына шолу жасаған rast,kz хабарлайды.

Podrobno.uz порталы атап өткендей, бұл жағдаят әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Блогерлердің басым көпшгілігі биліктің бұл шешіміне айрықша ризашылық білдірген. Сонымен қатар, олардың арасында «түк пайдасы жоқ жылтырақ темір тапсырғанша, оған неге арнайы автомобиль бөлмеген?» деген сыңайда көңіл толмастық танытқан желі пайдаланушылар да кездескен. Оларды қолдаушылар аз болмаған.

Орденмен наградталып жатқан 54 жастағы медбике Холбика Бобоқулова Қашқадария облысының Чироқчи ауданындағы Даштқизил қишлоғында тұрады. Ол марапатты Наурыз мейрамының қарсаңында алған.

Сонау 17 жасынан бері медбике болып қызмет етіп келе жатқан Холбика Бобоқулованың осы саладағы еңбек өтілі биылғы жазда 37 жылға толады. Ол ауылдастарының үйлеріне ылғи есекпен барып, медициналық көмек көрсетіп тұратынымен де өңірге жақсы танымал болған.

«Қашқадариё янгиликлари» телеграм-каналының атап көрсетуінше, Даштқизил қишлоғында кейбір үйлердің қашықтығы 2 шақырымнан асып кетеді екен, ал кенттің өзі аудан орталығынан 30 шақырым алыста орналасқан. Медбике кейде Чироқчиге де есек мініп барып келе береді.

«Менің осыдан басқа ешқандай көлігім жоқ. Сондықтан мені пациенттер шақырған кезде, оларға тезірек жету үшін дереу есегімді ерттеп мініп аламын», – дейді медбике.

Таңбалар: есекмедбикеорденХолбика Бобоқулова

Ұқсас мақалалар

Ресейде Шыңғыс хан қолбасшысы құрметіне орден тағайындалды
Әлеумет

Ресейде Шыңғыс хан қолбасшысы құрметіне орден тағайындалды

19.05.2026
Ресей армиясы Украинада оқ-дәрілерді есекпен тасымалдай бастады
Жаңалықтар

Ресей армиясы Украинада оқ-дәрілерді есекпен тасымалдай бастады

06.02.2025
«Жындыхана» жалғасуда: қарашайлар да Кадыровтың ұлын марапаттады
Жаңалықтар

«Жындыхана» жалғасуда: қарашайлар да Кадыровтың ұлын марапаттады

25.10.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist