26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саудия саммиті Украинаның территориялық тұтастығына қолдау көрсетті

6 Тамыз 2023 21:08
- Жаңалықтар, Қайнар
Саудия саммиті Украинаның территориялық тұтастығына қолдау көрсетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ДЖИДДА. 6 тамыз. Сауд Арабиясындағы саммитке қатысушылар кез келген бейбіт келіссөздің негізін Украинаның территориялық тұтастығы құрайтыны жөніндегі түсінікке қол жеткізді. Бұл туралы «Corriere della Sera» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Wall Street Journal басылымы Саудияның Қызыл теңіз жағасындағы Джидда қаласында 5-6 тамыз күндері Украинадағы соғысты бейбіт келісім жолымен аяқтау мәселесін талқылаған саммит өткенін жазды. Жиын бұдан бұрын Дания байтағы – Копенгагенде болып өткен бірінші конференцияны жалғастырды. Мұнда да Украина президенті Володимир Зеленьский ұсынған 10 тармақты «бейбітшілік формуласы» негізге алынды.

Саммитке қатысушылардың басым көпшілігі Ресейден бейбіт келісімге келуді, бұл үшін алдымен Украина территориясынан әскерлерін алып кетуді талап ететін ультиматум қоюға мәміле жасады.

Басылымның жазуына қарағанда, «Джиддада кез келген бейбіт келісімнің негізі болуға тиісті, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының басшылығында айтылған Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу» түсінігі пайда болған.

Саммитке әлемнің 42 елінің өкілдері қатысты. Олардың қатарында Еуропадан – Болгария, Германия, Дания, Италия, Испания, Латвия, Литва, Нидерланд, Норвегия, Польша, Румыния, Словакия, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония, Азия мен Таяу Шығыстан – Австралия, Бахрейн, Иордания, Катар, Комор аралдары, Корея, Кувейт, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Үндістан, Жапония, Африкадан – Мысыр, Оңтүстік Африка республикасы, Солтүстік Америкадан – АҚШ, Канада, Оңтүстік Америкадан Аргентина, Бразилия, Чили бар. Ұйымдар қатарынан БҰҰ, одақтар қатарынан Еуропа Одағы қосылды. Бұлардың сапында Ресей болған жоқ.

АҚШ Украинаға басқыншылықпен соғыс ашып отырған РФ-ның мұндай саммитке қатысуға дайын емес екенін мәлімдеді.

Украина президенті офисінің басшысы Ондрий Ермак Джиддадағы кездесуге қатысушы елдердің саны мұның алдындағы Копенгаген консультациясына қарағанда үш есе көп және ендігі әңгіменің «өте-мөте адал және ашық» болғанын атап өтті.

«Әртүрлі көзқарастар болды, бірақ қатысушылардың барлығы өз елдерінің БҰҰ Жарғысы, халықаралық құқық пен егемендікті құрметтеу және мемлекеттердің мызғымас территориялық тұтастығы қағидаттарын ұстанатындарын танытты. Біздің Бейбітшілік формуласы тап осы қағидаттардан құрылған еді. Джиддадағы кездесу Украина ұсынған бейбіт бастамаларды іс жүзіне асырудың нақты қадамы болды», – деді Ермак.

Оның айтуынша, тараптар бұл жұмысты әр алуан өкілеттілік деңгейінде жалғастыра беруге келіскен.

Келіссөздің қорытындысына қарағанда, саммитке қатысушылардың басым көпшілігі жақын апталарда тағы да кездесіп, жұмысты жалғастыруға ынта танытып отыр. Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы бірқатар нақты мәселелер бойынша, – соның ішінде ядролық қауіпсіздік, экологиялық зардаптар мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері де бар, – тұрақты жұмыс істейтін топ құруды жоспарластырып отыр.

Әлбетте, Кремль Джиддадағы саммиттің қорытындысын әдеттегідей бұрқылдап қабылдады. Ондағыларға ендігі кез келген бейбіт келісімнің негізіне Украинаның территориялық тұтастығын сақтау жататыны ұнаған жоқ. Мұны әуелгіден осындай кезде Мәскеудің үргізу үшін шығарып қойған адамы – Дмитрий Медведевтің аузымен білдірді. Бұл жолы оның есірткіге елітіп отырып жазғаны не ащы суға бөгіп алғаны белгісіз, бірақ бұл жолы да аузына келгенін аталап, аяғын баяғыша ядролық соғыспен қорқытуға апарып тіреп қойыпты.

Ал әлем алға қарай кетіп бара жатыр, оның өткен күнімен өмір сүретін өкпешіл өтірікшілерға алаңдай қоятын шамасы жоқ.

Таңбалар: ДжиддасаммитсаудияУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist