Шешендер соғыстан балаларының денелері келулері үшін дұға жасап отыр
ГРОЗНЫЙ. 6 тамыз. Ресейдің Шешенстан бөлігінің тұрғындары Украинадағы қырғыннан жақындарының мәйіттері жеткізілулерінің өзіне шүкіршілік жасайтын хәлге жетті. Бұл туралы ресейлік ресурстар деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Шешенстан екінші аптадан бері «қадыровшылардың» Бахмут түбінде қырылып қалғаны жайы кеңінен сөз болып, талқыланып жатыр. Ал республика билігі оқиғаны барынша жасырып бағуға тырысып отыр.
Расында «Вагнер» жеке әскери компаниясы қалдырып кеткен позицияға орналасқан Кадыров содырлары Бахмут түбінде орасан зор шығынға ұшыраған еді. Кезінде Евгений Пригожиннің жалдамалылары да ол жақтан «200-ші жүк» саны тым көбейіп кеткесін қашып шыққан болатын.
«Кавказ реалии» жазғандай, Шейх Мансур батальонының бұрынғы баспасөз хатшысы Ислам Белокиев Донецк облысындағы Бахмут қаласы түбінде Кадыровтың 800-ге жуық жалдамалы содырдары опат болған немесе хабар-ошарсыз жоғалған. Ал республика билігі осыған байланысты марқұмдардың туған-туыстарымен кездеспекке ниет еткен. Сонымен бірге, шенеуніктер содырлар отбасыларына өтемақы төлемеу үшін оларды бұрынғы күннің белгісімен әскер қатарынан шығарып тастауға шешім қабылдап қойған.
Белокиев сондай-ақ «Север-Ахмат» арнайы жасағы полкының батальоны командирі мен басқа да сарбаздардың қаза тапқандары айтылатын екі анонимді жазбаны таратқан. Олардың біріншісінің авторы 500 әскеридің тек 60-ы ғана аман қалғанын, өңгелерін Украина Қарулы күштері 3-4 күннің ішінде жойып жібергенін баяндайды. Екіншісі ұрыс даласынан тек 10 денені ғана алып шыға алғандарын мәлімдейді.
Қазір Шешенстан жұрты соғысқа кеткен ұлдарының сүйектері жат жерде қалып қоймай, елге жеткізіліп тұруы үшін дұға оқып отыр.