РФ десантшыларының кемінде жарымы майданда жойылған
МӘСКЕУ. 6 тамыз. Ресейдің 2022 жылы Украинадағы соғысқа қосылған 30 мың десантшы әскерінің кемінде 50 пайызы өлтірілген немесе жарақаттанып қатардан шығып қалған. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей армиясы Украинаға басқыншылықпен басып кіргелі бері орасан зор шығынға ұшырап жатыр. Соның ішінде әуе-десант әскерлері бөлімшелерінің адам шығыны көп. Ұлыбритания барлау қызметінің материалдары бойынша, ресейліктер 15 мың десантшы жауынгерінен айрылып қалған. Олар Ресей армиясының айрықша іріктеу мен ұзақ дайындық кезеңінен өткен элита бөлігі болып саналады.
Британ барлауының мәліметі бойынша, орыстардың шығындары Ресей командованиесі тарапынан 2 тамызда кетіп қалған жасырын деректердің арқасында белгілі болып отыр. Хабарламада осы күні РФ десант әскерлерінің қолбасшысы, генерал Михаил Теплинскийдің көпшілік алдында сөйлеген сөзінде 8 500 десантшының жарақат алып қалғаны, бірарқ қатарға қайтып оралып, майдан даласынан кетпегендері жайлы айтқаны атап өтілген.
Алайда британ барлауы Теплинскийдің сөздерін талдай келіп, Украинадағы соғысқа қатысқан 30 мың десантшының кем дегенде 50 пайызының өлтірілгені немесе жараланып қалғаны жөнінде тұжырым жасауға болатынын алға тартады.