Еуропа одағы Қазақстанға тығыз әріптестік қатынас орнатуды ұсынады
ЛЮКСЕМБУРГ. 24 сәуір. Еуропа одағы Қазақстанды Ресейдің санкцияны айналып өтуіне жол бермеуді бірлесіп қарастыруға шақырғалы отыр. Бұл туралы шетел ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Еуропа одағы Ресейді санкцияны айналып өтуге көмектесіп келе жатқан түйінді әріптестен айыру үшін Қазақстанға өзара байланысты кеңейту шараларын ұсынуды жоспарлап қойды.
Одақ шенеуніктеріндегі мәнбесіне сүйенген Politico сайтының жазуынша, елшілер 24 сәуір күні Люксембургте өтетін кездесуде осы мәселені де кеңінен талқылайды.
Құжатта Еуроодақтың Ресей «дос» санайтын Қазақстан, Бразилия, Чили және Нигерия елдерімен қарым-қатынасты дамытуының егжей-тегжейлі жоспары қарастырылған. ЕО Ресейді жан-жақты оқшау қалдыруға қол жеткізу үшін бұлардың бәрімен қарым-қатынасты жақсартуды қолға алатын болады. Мұнда қарым-қатынас «қамшы емес, жылы-жұмсақ» ұсыну жолымен орнатылмақшы.
Құжатта Кремль құрған Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) кіретін және Ресейге импорт тауарларды параллель жеткізіп берудің ірі желісі болып табылатын Қазақстанға айрықша көңіл бөлінген.
ЕО-ның Қазақстанға ұсынатын «жылы-жұмсағы» арасында мұнайды Ресей арқылы транзит жасамай, бірден өз нүктесіне жеткізуге көмектесу, сондай-ақ Астанаға ресми тұлғаларды сапармен жіберіп тұру бар. Бұдан бөлек, Қазақстан бұдан былай өз азаматтарын Еуропа одағы елдеріне визасыз жібере алатын болады және реформа бағдарламасын жүзеге асыруда ЕО тарапынан қолдау табады.
«Астана өз кезегінде Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді делдал болып қала беруге» үміт арта алады» деп есептейді еуропалық шенеуніктер.
Қазақстан билігі сәуірдің басында Еуропаның Ресейге қарсы санкцияларын сақтау отыруға уәде берген болатын. «Қазақстан Ресейдің АҚШ пен ЕО тарапынан жасалған санкцияларды айналып өтуінің құралы болмайды. Біз санкция талабын сақтайтын боламыз», – деді Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Euractiv-ке берген сұхбатында.
Еуропа одағы байланысын дамытуға мүдделі болып отырған қалған үш елдің де басыңқы жақтары жеткілікті. Мысалы, Бразилия мен Чили Латын Америкасындағы шикізат байлығы ең көп елдер болса, Нигерия Батыс Африканың экономикалық орталығы іспеттес.