Өзбекстан неге сырттағы студенттерін қайтармақшы?
ДУШАНБЕ. 16 ақпан. Өзбекстанның көрші елдердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерін өз республикасына қайтарғалы жатқандары белгілі болды. Бұл туралы тәжіктің Asia-plus сайты хабарлайды.
«Өзбекстан үкіметі студенттер үшін шетелдердені оқу орындарынан ешбір емтихансыз отандық оқу орындарына ауысуды ұсынды. Мұны ол сырт жақтарға оқу үшін босқа ақша мен уақытты жоғалтпай, өз үйлерінде тұрақты тұрулары, өз ана тілдерінде оқулары үшін деген себеппен алға тартты. Ұсыныстан бас тарту қиын. Сондықтан мұның Қазақстанда, Қырғызстан мен Тәжікстанда білім алып жүрген студенттер арасында үлкен қозғау салғанына таң қалуға болмайды», деп жазады осыған орай «Фергана. Ру» сайты.
Сыртта оқитын студенттерге құжаттар пакетін өткізу үшін басында 7-15 ақпан аралығында уақыт беріліп еді, енді дедлайн 15 наурызға дейін созылып отыр. Бірақ өзбек студенттерінің жаппай қоныс аудару маховигі толық қуатында айналып кетті. Олар даярлайтын құжаттар тым көп емес. Бұлар Өзбекстанға келгеннен кейін жазылатын өтініштен, паспорттың көшірмесінен және оқуда қарызы жоқ екенін айғақтайтын үлгерім қағазы – транскрипптің (академиялық анықтама, рейтингілік дәптер) көшірмесінен тұрады.
Міне, қазіргі күндері осы анықтамаларды алу шін өзбек студенттері шетелдік жоғары оқу орындарының деканаттары алдында кезекке тұрып жатыр.
Сайттың жазуынша, сонымен бірге, бұл студенттердің алдарынан мынадай жағдайлар шығады. Біріншіден, оларды отандық университеттер мен институттарға Өзбекстанның кез келген аймағындағы ірі жоғары оқу орындары жанынан жасақталған арнайы жұмыс топтары қабылдайды. Екіншіден, студенттің өзі тұратын жерде орналасқан оқу орнына ауыса алады. Сондай-ақ өзі тұратын жерде өзінің мамандығы бойынша факультет болмаса, басқа жақтағы оқу орындарына баруына болады. Үшіншіден, өзбек жоғары оқу орындары тек ақылы-келісімшартты негізде ғана қабылдайды. Ал оқудың ақысы аз емес және ұдайы көтеріліп отырады. Сондықтан елдегі оқуға ауысып келудің алдында студентке өзіне қай елде оқыған тиімді екенін жайында да ойланып алмасқа болмайды.
Тағы екі нәрсені ұмытпау керек. Оларды отанға оралту мәжбүр ету жолымен немесе президенттің (үкіметтің, министрліктің) бұйрығымен жүзеге асырылып жатқан жоқ. Бұған қоса, ауысуға үміткердің міндетті түрде Өзбекстан оқу орнына қабылданатынына кепілдік жоқ – мұны жоғарыда айтылған аймақтық жұмыс топтары шешеді.