Зеленьский Байденнің шақыруымен Вашингтонға аттанып кетті
ВАШИНГТОН. 21 желтоқсан. Украина президенті Володимир Зеленьский АҚШ лидері Джо Байденнің шақыруымен мұхиттың арғы бетіне жол тартып бара жатыр. Бұл туралы CNN хабарлады.
«АҚШ президенті Джозеф Байден мен Украина президенті Володимир Зеленьский сәрсенбі күні Ақ үйде кездесуді жоспарластырған», – делінген хабарламада.
Басылым Зеленьский мен Байденнің кездесуіне АҚШ президенті әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысатынын баяндайды.
Сапар, деп жазады басылым, Байденнің Украинаға Patriot ракета жүйесі бастаған қорғаныс көмегінің жаңа пакетін жөнелткелі жатқан шағымен тұспа-тұс келіп отыр.
Бұған дейін БАҚ-тарда Капитолийдің сәрсенбі күні Конгрестегі отырыста Украина президентін күтетіні айтылған болатын.
Бұл – Зеленьскийдің Украинаға ақпан айының соңында Ресей басқыншылықпен шабуыл жасағалы бергі бірінші сапары.
Сапардың бүге-шігесі жөнінде әлі толық келісім жасалмағанына қарамастан, Капитолий полициясы қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп жатыр.
Зеленьский сапар барысында миллиардтаған доллар көлеміндегі әскери көмектері үшін заң шығарушыларға алғыс айтады деп күтілуде.
Бұдан басқа, Украин президентінің АҚШ-тан алысқа атылатын ракеталар мен дрондар сұрайтыны айтылды.