Өзбекстан президенті Мирзиёев: «Ана тілін білуге міндетті етуіміз керек»
ТАШКЕНТ. 21 желтоқсан. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше парламентте жариялаған жолдауында ана тілін білудің маңызды екенін айрықша атап өтті. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.
Шавкат Мирзиёевтің сөздеріне қарағанда, «менің перзентім шетел тілдерін біледі, ана тілін білмейді деген сөз Жаңа Өзбекстанға жөн емес». «Шетел тілін білу керек, бірақ ана тілін білуге міндетті», – дегенді қосты президент.
Мемлекет басшысы жолдауды оқу барысында ана тілін (өзбек тілін) білуге ерекше назар аударудың маңызды екенін айтып өтті.
«Ұлттық ерекшелігіміздің нышаны болған, руханиятымыздың негізі болған ана тілімізге назар аудару күшейтіледі. Әлбетте, отбасында біз шетел тілін де білуіміз керек, бұл әрі заман талабы. Бірақ ана тілін білуді міндет етуіміз керек. Міндетті!» – деді президент.
Түпнұсқасы:
«Она тилини билишга мажбур қилишимиз керак» – Шавкат Мирзиёев
Шавкат Мирзиёевнинг сўзларига кўра, «менинг фарзандим чет тилларини биладию, она тилини билмайди, деган гап Янги Ўзбекистонга маъқул эмас». «Чет тилини билиши керак, лекин она тилини билишга мажбур», – дея қўшимча қилди президент.
Ўзбекистонда «она тилимиз»га бўлган эътибор янада кучайтирилади. Бу ҳақда президент Шавкат Мирзиёев 20 декабрь, сешанба куни мамлакат парламентига йўллаган Мурожаатномасида айтиб ўтди.
Давлат раҳбари таълим соҳасида қилиниши керак бўлган ва қилинадиган ишлар ҳақида маълумот бераркан, «маънавиятимиз асоси бўлган она тилимиз» (ўзбек тили) ҳақида ҳам тўхталиб ўтди.
«Миллий ўзлигимизнинг тимсоли бўлган, маънавиятимиз асоси бўлган она тилимизга эътибор янада кучайтирилади. Албатта, оиламизда ҳам чет тилини билиш керак, бу ҳам ҳозир замон талаби. Лекин она тилини билишга мажбур қилишимиз керак. Мажбур!», – деди президент.