АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылорда облысында полиция департаментінің бастығы ауысты

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 тамыз. Қызылорда облысында полиция департаментінің басшысы ауысып, бұл лауазымға Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы тағайындалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында Мұхтар Қожабаевтың бұрын Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарғаны айтылған.

«2 тамызда Қызылорда облысының ішкі істер органдарында кадрлық өзгерістер орын алуына байланысты актив жиыны болды. ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Мұрат Қожаев жиналғандарға Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Мұхтар Қожабаевты таныстырды», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Мұхтар Аманқұлұлы Қожабаев 2018 жылы қараша айында Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін, 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып істеген. Ал оның алдында, 2009 жылға дейін Шымкент қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button