ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Путинмен сөйлескен Трамп Украинада соғыс аяқталатын күн жақын екенін айтты

МӘСКЕУ. 13 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ диктаторы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, жеке кездесетін кездерін белгіледі. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамп 1,5 сағатқа созылған диалог барысында сөйлеген сөзінде Украинамен арада жүруге тиісті келіссөзді кідіртпей бастап кету керектігін қайта-қайта ескертті.

«Путин мен Трамп сондай-ақ екі жақты байланысты жалғастыру, соның ішінде екеуінің оңаша кездесулерін ұйымдастыру жөнінде келісті», – деп атап өтті Кремльдің спикері Дмитрий Песков. Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұған Путиннің Трампты Мәскеуге шақырғанын, екі жақты қызықтыратын мәселелерді, соның ішінде Украинадағы соғысты аяқтау жайын талқылау үшін америкалық лауазымды тұлғаларды қабылдауға дайын екенін білдіргенін қосты.

Кремль көсемімімен болған әңгіменің мазмұнына Дональд Трамптың өзі де түсіндірме берді. Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Путинмен кең ауқымды тақырып аясында пікір алмасқанын баяндады. Олардың арасында Украина, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллардың күші секілді бірқатар мәселелер болды.

АҚШ президенті бір-бірлеріне келіп-кетіп тұрудан бөлек, өзара тығыз қарым-қатынас жасасуға келіскендерін атап көрсетті. «Біз сондай-ақ біздің командаларымыз келіссөзді бастап кетеді деп келістік. Ондағы бірінші қадам Украина президенті Вололимир Зеленьскийге біздің әңгімеміз жайында ақпар беру үшін қоңырау шалу болмақ. Мен мұны тура қазір жасаймын», – деді Трамп сол кезде.

Дональд Трамп бұдан басқа, өз әкімшілігінің алдағы келіссөздердің сұлбасын жасайтын түйіндң мүшелерін белгілеп қойғанын мәлімдеді. Олардың ішінде мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ОББ директоры Джон Рэтклифф, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц және аранйы өкіл Стив Уиткофф бар. Осы ретте Трамп бұл талпыныстардың табыспен аяқталатынына «берік сенім» білдіріп қойды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button