Трамп Путинмен сөйлескен соң Зеленьскийге қоңырау шалды

УАШИНТОН. 13 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Путиннен кейін Украина президенті Володимир Зеленьскийге телефон соқты. Бұл туралы РБК ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Зеленmскийдің кеңесшісі Дмитрий Литвин Дональд Трамптың Путинмен сөйлескеннен кейін бірден қоңырау шалғанын растады. Оның айтуынша, диалог шамамен бір сағатқа созылған. Бірақ екі мемлекет басшылары әңгімесінің мазмұны нақтыланбады.
Артынша Зеленmскийдің өзі Telegram-арнасында Трамппен Украинаның сирек жер минералдарын пайдалану туралы келісім дайындауды талқылағанын айтты.
Ал Трамп өзінің әлеуметтік желісінде Украинадағы қақтығысқа қатысты көптеген тақырыптардың талқыланғанын атап өтті. Оның сөзінше, Зеленьский де Путин сияқты бейбітшілікті қалайды. «Ресей мен Украина халықтарын Құдай жарылқасын», – деп жазды АҚШ президенті.
Өз кезегінде Ақ үй Трамптың Путинмен және Зеленьскиймен қара қатынасын «өте оң» деп бағалап, Уашингтонның бітімгершілік келісімге қол жеткізуге ұмтылатынын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, Трамп Путинмен Украинадағы соғысты аяқтау және азаматтар алмасу мәселесін талқылаған. Екі ел басшылары жеке кездесу ұйымдастыруға да келісті. Кремль әңгіменің бір жарым сағатқа созылғанын хабарлады.