25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЖОЛБИКЕ ЖОСЫҚСЫЗ САЛТ

1 Шілде 2024 02:57
- Көзқарас
ЖОЛБИКЕ ЖОСЫҚСЫЗ САЛТ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Салтымның іші кетіп, сырты қалды,

Дәстүрдің дәрпі кетіп, жұрты қалды.

Ал сен ұлттық бірегейлікті айтасың…

Бірінші

Есік көрген әйел екінші байға тигенде, сырға салу, беташар айту болмайтын. Ата-баба салтын сақтаймыз десек, үшінші, төртінші күйеуге сырғаланып, жарияға жар салып, ұзатылып жатқан әнші келіншектер туралы бірдеңе деуіміз керек еді ғой!

Бұл қазір ажыраса салу, одан жігіт те, әйел де еш қысылмай, еш қымсынбай біреуі жаңа үйленіп, біреуі тұңғыш тұрмысқа шығып жатқандай, тіпті өміріне батыл да дұрыс таңдауды енді жасап, енді шын бақытқа қолы жетіп жатқандай нәсихат секілді болып бара ма дейсің!

Өзім туып-өскен Алтай өңірінде далада далбақтап шауып келе жатқан жігітке «қатын алып келе жатқандай не болды?» деген сарында сөз айтылатын. Олай дейтіні, келіншек алып келе жатқан жігіт ауылға таяғанда жалғыз өзі шауып келеді. Алдынан шашу шашып қарсы алып, өз жұртында арнайы табақ тартады. Бұл енді өз жұртында да арнайы табақ тартылар белеске шыққанын білдірсе керек. Біздің ауылда әлі солай, күйеу жігіт атпен шауып келеді.

Сөйтіп, әйелі қайтыс болып, әлде басқа жағдайда төсек жаңғыртқан жігіт келіншекті әкелгенде, бұрынғыша атпен шауып келмейді. Солай. Ол да енді тағдырының бір мүкіс түскен сәті де. Қыз босағасынан бірінші аттаған болса, әрине, беташар айтылады.

Отырып қалған қызы бар үйді судың аяғына қондыратын халық дәстүрі ел бейберекет өмір сүрмеу үшін көңіл санасына тәртіп орнатып дұрыстыққа бағыттап отырған ғой.

«Су басындағы үйден қыз алған ел қатарлы жігіт екен…» дейтін баға да осыдан шықса керек.

Қысқасы, қыз бір-ақ рет сәукеле киетін, бір-ақ рет сырға тағатын, бір-ақ рет беташар тыңдайтын, жігіт бір-ақ рет шауып келетін.

Екінші

Ал сыңсуды ұзатылып бара жатқан қыз өзі айтатын. Сыңсу деген жат жұртқа ұзатылып бара жатқан кездегі жақындарына деген жүрекжарды сөзі ғой, тіпті назы да.

Ұзатылып бара жатқанда:

«Жылқы ішінде ала жүр,

Ұстай алмай бала жүр.

Әкем кәрі, бауырым жас,

Көзіңнің қырын сала жүр» деп жездеге айтқан сыңсу қазақ қызының қамқор болмысын қандай ғажап көрсеткен шіркін! Оған пысқырмадық. Әр қыз өмірінде бір-ақ рет айтатын сыңсуды әнші келіншектер күніне неше тойда неше қайталап айта беретін болды. Бұ не салт?

Тұсаукесу туралы айтпай-ақ қойдым. Оның жосығы жойдасыз кетіп барады.

Бүгін бір әнші келіншектің күніне бес пе, он ба баланың тұсауын кесетінін, әр тұсаукесер 100 мың теңге екенін оқып, «осы біз не қылған жұртпыз?, қайда лағып барамыз?» деген ой көкейімді тесіп, миымды бұрғылап бара жатқан соң айтып отырғаным ғой.

Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен мына заманда кімге ақыл айтқандайсың?

Ұлттық бірегейлік керек десек, той-жиын, өлім-жітім секілді ритуалдарды жөнімен орындауға күш салу керек! Ұлттық кеңес не бітіргенінен толық хабарым жоқ екен, алайда онда шын мәніндегі ұлттық болмысты сақтап қалар, ұстап тұрар салт-дәстүрлердің бірегейлігін қарастыру керек деп есептеймін! Әр өңірдің кіші-гірім өзіндік ерекшелігі бар екені рас, алайда сол салттың өзгегіндегі мағынаны дұрыс жеткізіп тұрса сөкет емес, әрине. Алайда ғалымдар пікір қосып бірегейлікке ұйысу керек!

Салт – бұзылмай орындалуымен салт. Дәстүр – үзілмей жалғасуымен дәстүр. Әркім ойына келгенін істей берсе, тыйым-тидау болмаса, осылай кете берсек, көп ұзамай салт-дәстүрсіз елге айналамыз. Ұлттың өзегі салт-дәстүр мәдениетінде екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Онсыз да қазіргі қазақтың тойының қалыбы орысша.

Салтымның іші кетіп, сырты қалды,

Дәстүрдің дәрпі кетіп, жұрты қалды.

Ай дейтін ажасы жоқ мынау елдің,

Жосықсыз жолбике салт шырқын алды!

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Facebook

Таңбалар: қазақсалт-дәстүрсырға салу

Ұқсас мақалалар

Оянба, қазақ, оянба!
Қазына

Оянба, қазақ, оянба!

10.03.2026
Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден өтті

10.05.2025
МГУ-дың қазақ профессоры
Жаңалықтар

МГУ-дың қазақ профессоры

30.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist