Пригожин Путиннің үндеуіне жауап бере келіп, оның өзін «сілімтік» деп атады
ВОРОНЕЖ. 24 маусым. «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожин Путиннің үндеуіне жауабында бейбіт тұрғындарды қырып жүрген оның өзін «сілімтік» деп атады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин президент Владимир Путиннің жалдамалыларды әскери бүлік шығарып, сатқындық жасады деген айыптауына нақты жауап қайтарды. Әскери құрылымның басшысы Кремль қожайынының уәждерін жоққа шығарып, оның армиясын бейбіт тұрғындар жолдарын атқылады деп кінәлады.
«Олар бейбіт халық кетіп бара жатқан колонналарды ұшақтармен және тікұшақтармен соққылайды. Өйткені, атқан жерлеріне тигізе алмай, бейбіт халыққа соқтығысады. Қайда болса, сонда ұрады. Біз – патриотпыз. Ал бізге қарсы тұратындар – сілімтіктер маңайына топтасып алғандар», – деді «Вагнердің» құрылтайшысы.
Бұған қоса, Пригожин Ресей билігін «Вагнер» соғысқан Африка мемлекеттеріне бөлінген бар ақшаны өздері алып қалды, содан кейін Украинадағы соғыста оқ-дәрілерді ұрлады деп айыптады.
«Отанын сату жайына келсек, президент қатты қателеседі. Біз – өз отанымыздың патриотымыз, біз сол үшін соғыстық және соғысамыз. «Вагнер» жеке әскери компаниясы жауынгерлерінің бәрі. Енді ешкім де президенттің, ФСБ-ның және тағы біреулердің талап етулерімиен бұларға берілуге келе салмайды. Біз еліміздің бұдан әрі де жемқорлықта, алдауда және бюрократияда өмір сүргенін қаламаймыз», – деді Пригожин.
«Бізге Украинамен соғысып жатырмыз дегенде, біз де соғысқа кірдік, бірақ мұнда да жаппай ұрлаушылық етек алып кеткен екен», – деді ол тағы.
Қазір «Вагнер» жауынгерлерінің алдыңғы қатардағы шолғыншы жасақтары Мәскеу облысының шегіне кірді. Ал Мәскеу қаласында оларға төтеп бере алатын қуатты күш жоқ.