АймақЖаңалықтар жаңғырығы

«Вагнердің» шолғыншы жасақтары Мәскеуге 300 шақырым жерге жетті

ЛИПЕЦК. 24 маусым. «Вагнер» жеке әскери жасағының алдыңғы саптағы жасақтары РФ астанасына 300 шақырым жерге келді, ал Мәскеуде оған қарсы тұра алатын күш те жоқ. Бұл туралы ресейлік және украиналық ресурстар деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Вагнершілер» бірнеше толқын болып қозғалып келеді – олардың бір бөлігі Елецке жақындап, Мәскеуге қарай бағыт ұстайтын дүрбі жолдың бойына түссе, екінші бөлігі Воронежді басып өтті. Жұрт «ЧВК «Вагнер» деген жазуы бар техникалар колоннасының Липецк облысындағы Елец қаласында, Мәскеуден 3 сағаттық жерде тұрғандарын байқаған.

Техникалар колонналарының Елецтен ары қарай өткенін «Рыбарь», «Архангел спецназ» телеграм-каналдары мен «Русская весна» әскери тілшілер басылымының каналы да хабарлады.

Журналистер бұл жерден тура тартқанда, Мәскеуге дейін 300 шақырым бар екенін айтады.

«Верстка» бірнеше толқын болып тартып бара жатқандарын баяндайды.

Осы кезде үрейі ұшып отырған Владимир Путиннің қарауындағыларға Пригожиннің көзін жойып жіберуге тапсырма бергені белгілі болып қалды. Кремль қожайыны сонымен бірге қазір берілер болса, «Вагнердің» негізгі қаңқасына кешірім жасайтынын да жеткізіпті.

«Важные истории» басылымы өз мәнбесіне сүйеніп, қазіргі Ресей армиясында Пригожиннің Мәскеуге баратын жолын жаба алатын әлеуетті күштер жоқ екенін жазады. Шамасы, Пригожин өзінің бұл операциясын тереңінен ойластырып жасап жатқан сияқты.

Қазіргі сәтте Ресей күштік құрылымдары майданның алдыңғы шебіне тартылмағандарды Мәскеу бекінісіне алдырып жатқан көрінеді. Оған шешен құрылымдары, Росгвардия, ішкі істер және ФСБ әскерлері кіреді.

«Путинге үлкен атыстың керегі жоқ, сондықтан нөмірі бірінші міндет – дәлдеп атып, Пригожиннің көзін жою және «Вагнердің» негізгі қаңқасын одан бөліп әкету», – деді басылым мәнбесі.

«Вагнершілер» алдағы күндерде Ресейдің батыстағы ядролық нысандарын өзінің бақылауына алуды көздеп отыр.

Осы тұста ЛХР мен ДХР армиялары жауынгерлерінің Пригожин жағына шығып, соның сапына қосылу үшін Ростов бағытына бара жатқаны да айтылды.

Ал Ростов «Вагнер» үшін тура Бахмут сияқты бекіністі аймаққа айналмақшы. Онда қазір 20 мыңға жуық әскер тұр.

OSINT-жобасы «Oryx» OSINT-жобасы РФ армиясы мен «Вагнердің» қарулы қақтығыстары басталғалы бері қай жақтың көп шығынға ұшырағанын есептеп шығарды. Онда Ресей тұрақты армиясының шығыны көп екенін тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. Атап айтқанда, ресейліктер «вагнерліктермен» ссоғыста Ил-22 ұшағынан, радиоэлектронды күреске арналған екі тікұшақтан, Ми-35 тікұшағынан, «Тигр» соғыс машинасынан және бір әскери КамАЗ-дан айырылып қалған. Авивциясы жойылып кеткен, машинасы қолды болған. Ал «Вагнер» тек бір УАЗ-ын жоғалтқан.

Бүгін не ертең Мәскеудің де тағдыры бір жақты шешіліп қалатын шығар.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button