Украин әскерлері өткен тәулікте 300 басқыншының көзін жойды
КИЕВ. 14 мамыр. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте ресейлік 300 оккупантты жер жастандырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Жалпы, соғыс басталғалы бері 27 200 оккупанттың көзі жойылды», – деп жазады агенттік.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы 24 ақпан мен 14 мамырдың арасында жаудың шамамен мұншама жеке құрам мүшелері мен әскери қару-жарақтан айырылғанын атап көрсетті:
- жеке құрам – 27200 (+300) адамға жуық;
- танк – 1218 (+13) бірлік;
- жауынгерлік бронды машина – 2934 (+34) бірлік;
- артиллериялық жүйе – 551 (+9) бірлік;
- РСЗО – 195 (+2) бірлік;
- ПВО құралы – 88 (+0) бірлік;
- ұшақ – 200 (+0) бірлік, тікұшақ – 163 (+1) бірлік;
- БПЛА – 411 (+6);
- қанатты ракета – 95 (+0);
- корабль/катер – 13 (+0) бірлік;
- автомобиль мен автоцистерна – 2059 (+17) бірлік;
- арнайы техника – 42 (+1).
Жау өткен тәулікте Славянск және Бахмут бағытында барынша көбірек шығынға ұшырады.
Бұдан бұрын «Азов» полкы командирінің орынбасары Святослав Пономарь Ресейдің Мариуполь үшін ұрысқа 14 мыңнан астам әскери төккенін баяндаған еді. Мұнда сондай-ақ «Вагнер» жеке әскери компаниясының сарбаздарын да салды. Оған басқа да көптеген топтардың содырлары қатысты.
Украина сонымен бірге Киев пен Чернигов түбінде РФ-ның өлген солдаттарының мәйіттерін жинап, тоңазытқыш-вагондарға тиеді. Украина әскери-азаматтық әріптестік бөлімінің бастығы Владимир Лямзин Reuters тілшісіне берген сұхбатында бұларды халықаралық гуманитарлық құқыққа сай Ресейге қайтарып беретіндерін айтты.
Оның баяндауынша, Украинаның әр аймағынан жинап әкелінген Ресей солдаттарының сүйектері бірнеше пойыздың составтарын құрайды. «Олар өте көп», – деді ол.