Қызылорда облысы инвестиция тартуда көштің соңында қалды
АСТАНА. 2 ақпан. Бүгін Үкіметте өткен онлайн-жиында инввестиция тартуда өңірлер арасында Қызылорда облысының аутсайдер екеудің бірі екенін атап көрсетілді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Инвестиция тарту бойынша Қазақстан өңірлері арасында лидерлер мен аутсайдерлер анықталды», – делінген Премьер-министрдің ресми сайтында.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі Т13,2 трлн құраса, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,3%-ға артық болған. Экономиканың шикізаттық емес секторлары инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтеріне айналған. Осылайша, инвестициялардың нақты көлемінің индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста – 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінде неғұрлым жоғары өсу көрсеткіштеріне металлургия (+27%), тоқыма өндірісі (+28%), фармацевтика (+39%), химия өнеркәсібі (+55%), минералдық өнімдер (+100%) қол жеткізілді.
Негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар республика бойынша 94%-ға орындалды. Нысаналы көрсеткіштер Шымкент қаласында (115,5%), Ақтөбе (101,8%) және Қостанай (101,3%) облыстарында асыра орындалды. Аздап қол жеткізбеу Қарағанды облысында (99,9%), Алматы қаласында (99,8%), Атырау (99,1%), Жамбыл (97,4%), Павлодар (96,2%) облыстарында, Астана қаласында (96,1%) байқалады. Жоспардың орындалмауы Шығыс Қазақстан (92,1%), Маңғыстау (90,8%), Алматы (89,7%), Ақмола (89,4%), Түркістан (82,5%) және Солтүстік Қазақстан (80,4%) облыстарында тіркелді. Ең нашар көрсеткіштер Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда (66,4%) облыстарында байқалады.
Енді Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары әкімдерінің салаға жауап беретін орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 49%-ға артып, $18,7 млрд құрады.
Іс жүзінде барлық негізгі инвестор елдер бойынша Қазақстан экономикасына капитал ағынының өсуі байқалады. Топ-10 инвестор-мемлекетке Нидерланд, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Оңтүстік Корея және Франция кірді.
«Артта қалған өңірлер белгіленген KPI-ді қатаң сақтау қажеттігіне назар аударуы керек. Әкімдер нысаналы индикаторларға қол жеткізбегені үшін дербес жауапты болады. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырсын», – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.