Қытайда COVID-19-ға ұқсас вирус таралып жатқаны белгілі болды
БЕЙЖІҢ. 5 қаңтар. Қытай дәрігерлері ел территорсиясында адам метапневмо вирусының (hMPV) пайда болғанын тіркеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы осының жайында арнайы ақпар таратты. Зерттеуге сәйкес, аурушаңдықтың жоғары белсенділігі 14 және одан кіші жастағы балалар арасында белең алған және бұл жағдай солтүстік провинцияларда көбірек орын алуда.
Daily Star газеті вирустың COVID-19-ға ұқсас белгілерді тудыратынын атап көрсетті. Басылым әлеуметтік желілердегі хабарларға сілтеме жасай отырып, Қытай ауруханалары қызуы көтеріліп, жөтеліп, тамақ ауруымен ауыратын балаларға толып кеткенін жазды. Соңғы бірнеше күнде мұндай науқастардың саны күрт өскен. «Вирустың өршуіне байланысты Қытай жоғары дайындықта», деп баяндайды ақпарат құралы.
Бұдан бөлек, Daily Star Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігінің деректеріне сілтеме жасай отырып, Біріккен корольдік жерінде де hMPV инфекциясының алғашқы оқиғалары тіркелгенін хабарлайды. Британ дәрігерлерінің айтуларынша, вирустың таралу қарқыны жоғарылап келеді, ал тұмаудың аденовирус, парагрипп және риновирус деп аталатын үш негізгі штаммы төмендеу үрдісін көрсетіп отыр.
Метапневмовирус пневмония сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Тайванның Money UDN басылымы қытайлық дәрігерлерге сілтеме жасай отырып, желтоқсан айының соңында hMPV-дан болатын өлім деңгейі 43% жетуі мүмкін екенін жазлы. Тайбэй медициналық университетінің дәрігері Чжоу Байцянь Қытайда вирустың өршу «эпидемия толқынын» тудыруы ықтимал екенін айтты.
Вирус, әсіресе, нәрестелер, қарт адамдар және иммундық жүйесі әлсіреген науқастар үшін қауіпті. «Қазіргі уақытта hMPV-ді емдеуге арналған вакцина немесе арнайы вирусқа қарсы препарат жоқ, ал дәрігерлер әдетте өздеріне көмек сұрап келген науқастардағы белгілерді жоюмен ғана шектеледі», деп жазды Independent.
Қазақстанда өткен жылдың қазан айының 1-нінен бері метапневмовируспен ауырған 30-дан астам болғаны анықталып отыр.