Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Инаугурацияға он күн қалғанда Трамптың ісі бойынша үкім шығады

УАШИНГТОН. 4 қаңтар. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың қаржы алаяқтығына жол бергені жөніндегі ісі бойынша сот үкімі жарияланады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Дональд Трамп актриса Сторми Дэниелске ақы төлерде Trump Organization компаниясының қаржылық құжаттарын бұрмалағаны үшін жазаға тартылады. Нью-Йорк соты 10 қаңтар күні осыған байланысты үкім шығарады.

«Жауапкер 2025 жылғы 10 қаңтарда үкім шығарыларда сотқа келуге тиіс», – делінген мәтінде.

Хабарланғандай, Трамп сот алдында бетпе-бет те тұра алады, үкімді онлайн сипатында тыңдай да алады.

Құжатта атап көрсетілгендей, шешім Трамптың 20 қаңтар күні «ант қабылдап, президенттік тиіспеушілікке жететін» инаугурациясына дейін шығарылады.

Бұған дейін, 16 желтоқсан күні Нью-Йорк соты Трамптың порноактриса Сторми Дэниелске байланысты айыптау қорытындысын тоқтату жөніндегі талапты орындаудан бас тартқан болатын. Осы тарапта жаңа сайланған президенттің адвокаттары мұндай іс қозғалуға тиісті еместігін, себебі оның заңсыз екенін атап өткен еді.

Бұған дейін, 4 желтоқсанда Трамп қазіргі іс басындағы президент Джо Байденнің өз ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасау жөніндегі шешімін алға тартып, Нью-Йорк сотын өзінің актриса Сторми Дэниелске қатысты ісін тоқтатуға шағырған-ды.

Сот болжамы бойынша, Трамп 2006 жылы порноактриса Сторми Дэниелспен интимдік байланысқа түскен, ал 2016 жылы заңгер Майкл Коэнге құпияны жария етпеу жөніндегі келісімге келгені үшін 130 мың доллар ақша төлеген. Кейін президент болып сайланып алғасын Коэнге кеткен қаржыны заңгерлік қызметі үшін деген жалған құжатпен мемлекеттен қайтарып алған. Шектер бойынша шығын көлемі 420 мың долларға бағаланған.

Мамыр айында алқабилер соты Трампты қаржы қитұрқысын жасады еп айыптады.

2025 жылғы 20 қаңтарда Уашингтондағы Капитолий ғимаратында Дональд Трамп ант беріп, АҚШ президенті қызметіне қайта кіріседі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button