Іс жүзінде Путиннің орнына кейін кімнің келетіні белгілі болып қалды
МӘСКЕУ. 17 наурыз. Ресей президенті Владимир Путин іс жүзінде өзінің ықтимал ізбасарларының бірі болатын тұлғаның кім екенін білдіріп қойды. Бұл туралы «Диаолог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ диктаторы Владимир Путиннің болашақтағы ізбасары оның жақын жақтастарының бірінің ұлы болатын сияқты.
Ресей миллиардері Юрий Ковальчуктың ұлы – Борис Кремльде жоғары лауазымға ие болды. Сарапшылар билік оны болашақтағы билеуші етіп дайындауы мүмкін деген болжамға келіп отыр. Ресейлік саяси технолог Станислав Белковский өзінің Telegram-дағы блогында мұның жайына талдау жасады.
Ресейдің Кремль шылауындағы бұқаралық ақпарат құралдары 15 наурыз күні билік басында айтарлықтай орын алмасушылықтар болып жатқанын жазды. Осы ауыс-түйісте 46 жастағы кіші Ковальчук РФ президенті бақылау басқармасы бастығының орынбасары лауазымын алды. Бұл Ресей басшысының тапсырмаларының өңірлерде қалай орындалып жатқанына бақылау жүргізетін бөлімше болып табылады.
Кіші Ковальчук жақын уақыттарға дейін бүкіл елдегі ондаған электр станцияларының жұмыстарын бақылап отыратын «Интер РАО» компаниясын басқарып келді. Алайда РФ тираны «сайлаулар» желеуімен оны жедел Кремльге алдыруға шешім қабылдады.
Еске сала кетейік, 90-шы жылдардың басында РФ-ның қазіргі диктаторы Владимир Путиннің өзі Кремльдегі осы басқарма басшысының орыбасары қызметіне келген еді. Бұл оның президенттігінің щамалы ғана уақыт қалған кезде орын алды.
Атап айтып өту керек, Юрий Ковальчук диктатор Путинге ең жақын шеңбердің адамы болып есептеледі. Ол Путин 90-шы жылдардың басында өзі құрылтайшы болып құрған «Озеро» кооперативінің мүшесі болып табылады. Ал бұл ұйымға бірөңкей Питерден шыққан талғалар кіргені белгілі. Forbes-тің бағасы бойынша, Ковальчуктің байлығы $3 млрд-қа жуық, алайда миллиардлердің нақты қазынасы бұдан да көп болуы мүмкін.
Белковский енді кіші Ковальчук Бористің Путиннен кейінгі кезеңнің президенттігіне дайындалатынына еш күмән келтірмейді.