Иранның беделді аятолласы: Халық енді бізге көп сене бермейді
ТЕГРАН. 4 қаңтар. Иранның ықпалды діни қайраткері аятолла Нури Хамадани халықтың енді өздеріне сене бермейтінін айтты. Бұл туралы Oxu.Az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Егер халық уағыз сөздеріміз бен істеріміздің бір-бірінен мүлде алшақ екендерін көріп білсе, бізге сенуді біржола қояды», – деді аятолла.
Azad İran («Азат Иран») telegram-арнасына сілтеме жасаған Oxu.Az хабарлағандай, Иранның ықпалды діни қайраткері аятолла Нури Хамадани халықтың мінберден сөйлеген уағыздары деректі куәліктермен айғақтала бермейтін бірқатар молдаларға сенуді қойып, оларды қатты сынға ала бастағанын атап өтті.
«Бір айтарлығы, мешіттерге көп жылдардан бері келіп жүргендер тарапынан бұларға неге бақылау жасалмайды? Бұлардың кейбірі дінге сенушілердің белгілі бір бөлігінің дін жөніндегі пікірлерін бұрмалап айтады. Біздің борышымыз – Құранда келтірілгенлер мен Ахль әл-Бейттің айтқандарын жұртқа жеткізу. Халық өзінің күшімен және сана-сезімімен дінге сенушілердің жоғары сенімін сақтай білуі керек», – деді ол.