Украина Жоғарғы Радасы Шешенстанның тәуелсіздігін тануды ұсынды
КИЕВ. 13 шілде. Украина Жоғарғы Радасының депутаттары күн тәртібіне Шешенстан Республикасының егемендігін мойындауды енгізуге ұсыныс жасады. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«Украина Жоғарғы Радасының депутаттары Алексей Гончаренко мен Муса Магомедов Ичкерия Шешенстан Республикасының егемендігін тану туралы қаулының жобасын қарауды ұсынды. Әлеуметтік желіге шыққан Гончаренко Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекеттерін екі шешен соғысымен салыстырды, сондай-ақ Мәскеудің әлі жалғасып келе жатқан Шешенстандағы терроры саясатын айыптады», – делінген хабарламада.
Гончаренко Ичкерия жауынгерлерінің Ресей басқыншыларымен соғысып жатқан Украинаға көмектесіп жүргенін ауызға алды. Ол Владимир Зеленскийден Еуропа Одағына, АҚШ-қа және басқа да елдерге ұсыныспен шығып, осы бастаманы қолдауға шақыруды сұрады. .
Өзін өзі жариялаған Ичкерия Шешенстан Республикасы (ИШР) КСРО тарардың алдында, 1991 жылғы шілде айында тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бері тура 31 жыл өтті. Ал 1993 жылғы 9 қаңтарда Мәскеу бұл территорияны – бұрынғы Шешен-Ингуш АКСР-ының бір бөлігін Ресей Федерациясы құрамындағы Шешен Республикасы деп есептейтін қаулы қабылдады.
1994-1996 жылдары Ресей армиясы ИШР-ды күштеп РФ құрамына қайтаруға әрекет жасап бақты. Алайда, бұдан ештеңе шықпады. 1999 жылы Екінші шешен соғысы басталды. 2000 жылғы көктемге қарай ИШР жойылды, оны БҰҰ-ның бірде-бір елі мойындаған жоқ.
Қазір Британияда тұрып жатқан Ичкерия лидерлерінің бірі Ахмед Закаев биылғы ақпан айында Украина Президенті Владимир Зеленскийден Еуропадағы Шешенстан тумаларын украин жеріндегі ұрыс қимылдары аймағына жіберуді сұрады.
Хабардың түпнұсқасы:
Украина предложила признать независимость Чечни
Депутаты Верховной Рады Украины Алексей Гончаренко и Муса Магомедов внесли на рассмотрение проект постановления о признании суверенитета Чеченской Республики Ичкерия. Гончаренко, выступив в соцсетях, сравнил действия российской армии в Украине с двумя чеченскими войнами, а также обвинил Москву в политике террора в Чечне, которая ведется до сих пор.
«Воины Ичкерии уже помогают Украине бороться за нашу независимость в войне с Россией», — заявил Гончаренко. Она призвал Владимира Зеленского обратиться к ЕС, США и другим странам, чтобы они поддержали эту инициативу.
Самопровозглашенная Чеченская Республика Ичкерия (ЧРИ) объявила о независимости после распада СССР, в июле 1991 года. С 9 января 1993 года Москва стала считать эту территорию — часть территории бывшей Чечено-Ингушской АССР — Чеченской Республикой в составе Российской Федерации.
В 1994–1996 годах российская армия попыталась силой вернуть ЧРИ в состав РФ, однако эта попытка не увенчалась успехом. В 1999 году началась Вторая чеченская война, и к весне 2000 года ЧРИ как государство было де-факто ликвидировано. ЧРИ не была признана ни одним законным правительством государств-членов ООН.
Один из лидеров ЧРИ Ахмед Закаев, проживающий в Великобритании, предложил в феврале президенту Владимиру Зеленскому направить в зону боевых действий живущих в Европе выходцев из Чечни. Чрезидент Чечни Рамзан Кадыров 1 марта пригрозил уроженцам Чечни, выступающим на стороне Украины, расправой.