УАШИНГТОН. 19 тамыз. Еуропа елдерінің лидерлері Уашингтонда өткен Трамппен Украинаға қатысты кездесудің нәтижесіне ризашылық білдірді. Бұл туралы DWақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ президенті келесі қадам ретінде Путин мен Зеленськийдің арасында өтетін саммитке дайындық жасау керектігін мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 18 тамыз, дүйсенбі күні Уашингтонда өткен Еуропа көшбасшыларымен, Украина президенті Володимир Зеленськиймен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуін «өте жемісті» деп бағалап, енді саммиттің қорытындысы бойынша Зеленський мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздерге дайындық басталғанын мәлімдеді.
Еуропа елдері лидерлері мен Украина президенті өз кезегінде АҚШ-тың Киевке қауіпсіздік кепілдігін беруге қатысуға дайын екенін білдіргеніне риза болды.
Ақ үйдегі келіссөздерден кейін Дональд Трамп «Еуропа елдері АҚШ-пен келісе отырып, қамтамасыз ететін Украина қауіпсіздік кепілдіктері талқыланғанын» айтты.
Америкалық лидер Truth Social әлеуметтік желісінде жазғанындай, АҚШ вице-президенті Джеймс Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ арнайы өкіл Стивен Уиткофф енді «Путин мен Зеленськийдің «өтетін орны кейінірек анықталатын» кездесулерін даярлауға кіріседі. Трамптың жазбасынан байқалғандай, осы кездесуден соң Ресей мен Украина лидерлері, сондай-ақ оның өзі болып қатысатын үш жақты келіссөз өтетін болады.
Германия канцлері Фридрих Мерц өз тарапынан Уашингтондағы саммиттің үмітті ақтап қана қоя салмай, күткендегіден де «асып түскенін» жеткізді. Ол осы шарадан кейінгі баспасөз мәслихатында Путин мен Зеленськийдің кездесуі алдағы екі апта ішінде өтуі керек екенін айтты.
Мерц саммиттің негізгі төрт жолдауын санай келіп, Ақ үйдегі ұзаққа созылған және тиімді пікірталастың қорытындысында «АҚШ-тың еуропалықтармен бірге үйлесе отырып, Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік» ететінін болып шыққанын атап өтті. ГФР канцлері Киевтің территорияларын беру ықтималдылығы тақырыбына тоқталған кезінде мұның АҚШ-тың Флорида штатынан бас тартуымен бірдей нәрсе екеніне назар аударды. «Егемен мемлекет мұндай шешімді әшейіннен әшейін қабылдай салмайды. Бұл – келіссөздердің барысында украинлардың өздері ғана қабылдай алатын шешім», – деп атап көрсетті ол. «Еуропа елдері лидерлерінің Трамппен және Зеленськиймен кездесулері кезінде Украинаның өз территорияларынан Ресейдің пайдасына бас тартуы мәселесі көтерілген жоқ», – деп нақтылай түсті Фридрих Мерц.
Бұдан басқа, ГФР үкіметінің басшысы 19 тамызда 30 мемлекеттен құралған Украинаға қолдау көрсетуді «қалаушылар коалициясы» деп аталатын топ мүшелерімен видеоконференция өтетінін әңгімеледі. Онда Осы күні Еуропа одағы кеңесінің кезектен тыс отырысы болып, Уашингтондағы саммиттің қорытындылары талқыланады.
Володимир Зеленський Трамптың соғыстан кейін АҚШ-тың Украина қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеуі бұл тараптағы «ілгері басқан үлкен қадам» екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл кепілдіктердің ұңғыл-шұңғылы алдағы он күннің ішінде анықталып алынуы керек. «Сонымен қатар, Киев өз шеңберінде қаржылай көмек алғысы келеді, ол экономиканы қолдауға және АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуға бағытталады», деді Украина президенті.
Ол өзінің Владимир Путинмен жеке кездесуге дайын екенін және бейбітшілік жөнінде келісссөз жүргізу үшін ұрыс қимылдарын тоқтатудың міндетті емес екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Зеленський Трамптың РФ-мен арада «бәріне – бәрін» қағидаты бойынша тұтқын алмасушылық ұйымдастыруға көмектесууге дайын екенін хабарлады. Украин лидерінің айтуынша, бұл жолғы алмасуда тек әскери қызметкерлер ғана емес, сонымен бірге азаматтық тұлғалар, журналистер мен саяси тұтқындар да болады.
«Ал «территория мәселесіне» келсек, – деді Зеленський Уашингтонда, – мұндай шетін мәселелер Путин мен Трамптың қатысуымен өтетін үш жақты кездесу барысында талқыланатын болады».
Америкаға аттанар алдында Украина лидері Қырымда да, Донбасты да Ресей айырбасқа беруден үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Ол мұнда Украина Конституциясындағы тиісті баптарға сілтеме жасады.
Суретте: Володимир Зеленський Уашингтонда Дональд Трамппен және Еуропа лидерлерімен кездесуден кейін.
USD




