26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

4 Шілде 2026 19:38
- Жаңалықтар, Көзқарас
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Шілденің 2-сіне қараған түні Ресей мен Украина тағы да зымыран-дрон соққыларымен алмасты. Іс жүзінде соңғы уақыттары бұл күнделікті орын алып тұратын тұрақты әрекетке айналды. Алайда, екі тараптың бұл шабуылдарының бір-бірлері арасында түбегейлі айырмашылықтар бар.

Украинаның ұшқышсыз ұшақтар жүйесі күштері негізінен стратегиялық нысандарды қарауылға алады. Мысалы, олар осы жолы Нижний Новгород облысының Кстово қаласындағы «Лукойл» зауытының астаң-кестеңін шығарды. Бұл жылына шамамен 17 миллион тонна мұнай өңдейтін қуаты бар Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі болатын. Оның өнімдері бүкіл Мәскеу аймағын автомобиль, авиация және дизель жанар-жағар майларымен қамтамасыз етеді.

Әлбетте, мұндай соққылар елдің экономикалық және әскери әлеуетіне тікелей нұқсан келтіреді. Бұған қоса, бұлар саяси тұрғыдан алғанда, Мәскеудің өз территориясын қорғай алмайтын дәрменсіздігін де күллі әлемге паш етіп көрсетеді. Сонымен қатар, бензин жеткізіп берудегі үзілістер мен оның тапшылығы қосымша әлеуметтік шиеленісті тудырады, нәтижесінде жұрт Ресей билігінің өзіне қарсы шығады.

Ресей өз кезегінде Киев пен Киев облысының тұрғын аудандарына соққы беріп, 20-дан астам тұрғын үйге зақым келтірді. Соның барысында 13 адам қаза тауып, тағы 30-50 адам жарақат алды.

Мұндай соққылар Ресейдің соғыстағы басымдылығын танытпайды және Украинаның қорғаныс қабілетін төмендетпейді. Бірақ саяси тұрғыдан олар Киевтің халықаралық аренадағы позициясын күшейтіп, Ресей агрессиясының варварлық сипатына қосымша айғақтар әкеледі. Әлеуметтік әсеріне келсек, бұл тектес жойдасыз шабуылдар украиндарды күйзеліске  түсіріп, күйректікке ұшыратпайды, оның орнына, қоғамды өз билігі төңірегінде шоғырландыруға шақырып, қарсылық қозғалысын күшейтуге серпін беріп, өмір сүруге деген ынтаны нығайтады.

Осы орайда мынадай табиғи сұрақ туындайды: егер мұның бәрі осыншалықты айқын болса, Ресей неге сондай бейберекет әрекеттерге барады? Мұның мынадай бірнеше алғышарты бар. Ең алдымен Украина территориясында ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына ұқсас қос мақсаттағы ірі нысандар жоқтың қасы. Ресейдің мұнай инфрақұрылымы экономиканы қамтамасыз етеді және соғыс машинасына тікелей қызмет көрсетеді.

Бірақ бұл да басты себеп емес. Украина территориясында оқ-дәрі қоймалары, дрондар өндірісі, жөндеу базалары, командалық пункттер және логистикалық тораптар секілді мыңдаған әскери нысандар бар. Олар ең үлкен құндылықтарға ие. Алайда Ресей оларға іс жүзінде сәтті соққылар жасай алмайды. Неге? Өйткені, оларда бұлардың бәрін сапалы зерттейтін мықты барлау ақпараты жетіспейді. Ресей нақты уақыт режимінде Украинаның әскери мақсаттарының едәуір бөлігін, әсіресе орналасқан жерін үнемі өзгертіп отыратына орай ұдайы бақылауда ұстай алмайды.

Бұдан бөлек, Украина ақпаратты қорғаудың тиімді жүйесін құрып алған. Ресей барлауының кез-келген белсенді қимылы, соның ішінде ғарыш пен әуеге қатысты әрекеттері түгел Украинаның барлау агенттіктері мен Батыс серіктестерінің бақылауында тұр. Егер Ресей тарапы нақты бір ауданға соққы беруге дайындалып жатқаны жайлы ақпар пайда бола қалса, украин жағы мейлінше құнды нысандар төңірегіне шоғырланады, оларды жан-жақтан жауып тастайды немесе басқа жерге көшіріп үлгереді.

Сондықтан Ресей көбіне басқа тактиканы таңдайды: әскери нысандарды қарауылға алып, бақылауда ұстап тұрудың күрделі жолына түскенше, қалаларға бей-берекет жаппай шабуыл жасай бергенді қолай көреді.  Бұл барлау мүмкіндіктерін пайдалануды оншалықты көп керек ете бермейді, сонымен бір мезгілде барынша аз әскери тиімділікті қанағат тұттырып, бейбіт тұрғындар арасындағы шығынды есепсіз арттырып жібереді. Жау жақты үреймен қорқытып, басымдылығын өсіре түскісі келетіндер ғана осы секілді арзан қадамға барады.

Ансар ГАРКХО,

Галгай (ингуш) комитетінің мүшесі, сарапшы

Таңбалар: Ресейсоққы алмасуУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist