13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

НОҒАЙ АРУЫ

4 Шілде 2026 07:00
- Жаңалықтар, Таным
НОҒАЙ АРУЫ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Ноғайдың қызы. Жай қызы емес, əйгілі ғалым қызы. Əлеуетті əдебиеттанушы. Ұлтын сүйген ұлағатты перзент. Қарымды қайраткер. Түркі дүниесін түгелдеуші. Əдебиеттанушы ретінде ілгерідегі Абдул-Хамид Жəнібеков, Сүйін Қапаев, Əшім Сикалиев сынды сөз сардарларының жолын жалғап, биік белеске шықты. Жиырмасыншы ғасырдағы ноғай поэзиясын ұлттық жəне жалпытүркілік тарихи-мəдени контексте қарастырып, филология ғылымдарының докторы атанды. Ұлт перзенті ретінде өз халқының мұрасын алтынның сынығындай қастерлеп сақтап, көзге түскенін жинайды да жүреді. Қайраткер ретінде де қабілет-қарымын көрсетіп, ана бір жылдарда Қарашай-Черкес Республикасының Ұлттар істері, бұқаралық коммуникация жəне баспасөз министрі болды. Бұл қызметінде де ноғайдың сөз өнерін дамытуға ұшан-теңіз пайда келтірді. Түркі дүниесін түгелдеуші ретінде барлық еңбегінде түбі бір, түрі ұқсас ағайын елдерге ортақ мұраттарды алға тартады.

Ал осы Нəсіпхан қыздың қазақ дегенде жаны бөлек. Біздің ғалымдармен байланысы берік. Əріптестерін түрлі ғылыми жиындарға шақырады. Өзі де жиі келеді. Құр қол келмейді. Қалың-қалың кітаптарды сөмкесіне сыйғызып, сыбаға әкеледі. Ноғай сөзінің қазақ жұртына қапысыз жеткенін қалайды. Қайтарда да бос қайтпайды. Қазақ кітаптарын қоржынына толтырып алып аттанады. Біз де өзіміздің жеке кітапханамыздың бір мүйісіне осы Нәсіпхан тауып берген, Астанаға арқалап жеткізген баға жетпес құнды кітаптарды текшелеп жинап қойдық. Нұр дидарлы Нəсіпханның ноғай-қазақ əдеби байланыстарын дамытумен жалғыз өзі тынбай айналысып жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Еңбегі жеміссіз де емес.

Нәсіпхан Сүйінова елордаға бір ғылыми жиынға келгенде таныстық. Ажарлы ару. Ғибратты ғалым. Зиялы зерттеуші. Ол ноғайша сөйлеп кеткен кезде таза қазақша әңгімелесіп отырғандай боласың. Ешқандай айырмашылық байқалмайды. Тіліміз туыс болған соң, оны да өз туғаныңнан кем көрмейсің. Ақкөңіл ноғай қызы ағайынның ортасына келгенін айқын сезініп, ашыла түседі. Ағынан ақтарылады. Кеңінен көсіледі. Жүрегімен жырлайды. Ол елге ат басын бұрған сайын қазақ достары қонаққа шақырады. Сондайда өзі де құдды бір төркіндеп келген қыз секілді өте еркін жүреді. Әдемі жымияды. Әдеппен күледі. Әсем әлемін әдіптейді. Жайдары. Жағымды. Жарасымды.

Бірде белгілі ономаст ғалым Бекжан Әбдуәлиұлы Нәсіпханның келу құрметіне дастархан жайды. Бекжан мен Гүлзираның шаңырағы о бастан қонақжай. Оның үстіне қатарымызға Нәсіпхан қосылғаннан кейін онсыз да берекелі үй-іші жайнап сала берді. Сонау Ноғайлы дәуірінен тамыр тартатын әсерлі әңгімелер қас қарайғанша дамылсыз жалғасты. Түп-төркіні бір қос жұрттың сөз өнерінің сабақтастығы жөнінде сыр шертілді. Мұндайда Нәсіпханның екі көзі оттай жанады.

*  *  *

Сол Нәсіпхан, ноғайдың ғалым қызы Нәсіпхан Сүйінова осы күндері мерейлі жасқа толды. Біз, қазақ жұртындағы əріптестері, Нəсіпхан ханымды қуана құттықтаймыз! Мықты денсаулық, зор табыс тілейміз! Мына əлемді жайлаған індеттен тезірек құтылып, Асан Қайғы атасы секілді «Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан», – деп, жарқылдап күліп, ортамызға оралатын кезін асыға күтеміз!

Аман жүріңіз, ғылымның бағын жандырған ноғай аруы!

*  *  *

Осылайша ой түйіндеп, әлеуметтік желіге жариялағанымыз сол еді, соны білгендей Нәсіпхан хабарласты. Алыста жүрген секілді. Аз-кем тілдескендей болдық. Сәлден соң телефонымызға мынадай жазба жіберіпті: «Казак досларымга рахмет! Мен бу заман Канада элинде. Йолдаман. Фейсбукка колым етпеятыр. Иншалла, коьерермен», – деп баршаға сәлем жолдады. Жортқанда жолыңыз болсын, ғалым қыз!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2021 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: ғалымноғай

Ұқсас мақалалар

ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ
Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕН ҚАЙТҚАН СТУДЕНТ

17.06.2026
ТЕМІРХАН АҒАНЫҢ ТӘЛІМІ
Таным

ТЕМІРХАН АҒАНЫҢ ТӘЛІМІ

01.06.2026
ЖЫЛЫЛЫҚ ЖАНСАРАЙЫ
Таным

ЖЫЛЫЛЫҚ ЖАНСАРАЙЫ

06.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist