13 Шілде, 21:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

5 Шілде 2026 23:40
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 шілде. Қызылордадағы Президент саябағында Ұлттық домбыра күніне байланысты «Домбыра – халық мұрасы» атты ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара қанат жайды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысып, жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз» деп бүгінгі мерекенің маңызын ашып көрсеткен болатын. Бұл – бабалар үнін, Ұлы Даланың сарынын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген домбыраны ұлықтайтын, ұлы мұраттарға бастайтын мереке. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қадірменді өнерсүйер қауым! Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – домбыра төрімізден түспесін!», – деді ол.

Мерекелік бағдарлама саябақтың амфитеатрындағы салтанатты концерттен басталды. Көрерменге Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі, облыстық филармония әншілері, күні кеше өткен «Сыр толқыны» ІІІ республикалық күйшілер конкурсына қатысушы өнерпаздар, жетекші шығармашылық ұжымдар мен дәстүрлі орындаушылар өз өнерін ұсынды.

Сонымен қатар, саябақ аумағында «Ұлттық өнер – ұлы қазына» атты мамандандырылған кітап және музей жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге сирек кездесетін тарихи экспонаттар мен әдеби мұралар таныстырылды.

Креативті индустрия өкілдері мен жергілікті қолөнершілердің өнімдері қойылған көрме-жәрмеңкеде кәсіби домбыра жасаушы шеберлер аспап әзірлеудің қыр-сырын үйрететін шеберлік сағаттарын өткізді.

Сондай-ақ жастар арасында тақырыптық флешмоб ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өтті. Орындаушылар мен өнерсүйер қауымның басын қосқан еркін форматтағы «Dombyra Party» музыкалық жобасы да мерекенің көркін қыздырды.

Таңбалар: ҚызылордаПрезидент саябағыҰлттық домбыра күні

Ұқсас мақалалар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Аймақ

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

  • Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist