17 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

2 Шілде 2026 17:55
- Жаңалықтар, Қайнар
Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 шілде. Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңір жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шарада жаңа Конституцияда көзделген жастар саясатын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы кейінгі буынның рөлі кеңінен талқыланды.

Аймақ басшысы елдегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.

«Бұл – әділетті қоғам құруға және болашаққа деген сенімді нығайтуға бағытталған тарихи шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құруда білімді, отаншыл жастардың рөлі айрықша. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және жан-жақты дамуына мемлекет жүйелі қолдау көрсетіп отыр. Биыл жастар саясатын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларын жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі ерекше маңызды», – деді Мұрат Ергешбаев.

Еркін пікір алмасу кезінде жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыс әкімі барлық ұсыныстар жан-жақты қаралатынын, жастар бастамаларын қолдау жүйелі жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы облыста 14 пен 35 аралығындағы 248 279 жас есепке алынған, бұл – жалпы халықтың 29,4%-ы. «Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүйелі жұмыс орындалуда.

Жастарды еңбекке баулу мақсатында құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына 800-ден астам адам тіркелді. Еңбек жасағына әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, NEET санатындағы жастар да тартылды.

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанында 6 үйірме мен клубтар бар.  «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», барлық аудандағы «Руханият орталықтарында» жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.

Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша 35 жастан аспаған, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар жастар жылдық 6% пайыздық мөлшерлемемен, үй бағасының 10% жарнасын жинап үй ала алады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 798 адам құжат тапсырып, жолдама алған 471-інің 100-і төлем қабілеттін растап, үш бөлмелі пәтер иесі атанды. Өткен жылы 691 адам құжат тапсырып, оның 453-нің құжаты қабылданып, 300 жасқа «Отбасы банк» АҚ-нан жолдама берілді. Төлем қабілетін сәтті растаған жастар сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйден пәтер алды.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады. Соған сәйкес халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шара өтеді.

Тамыз айындағы республикалық волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларды талқылауға және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналады. Сондай-ақ, «Менің мамандығым – менің жетістігім» тақырыбында республикалық жас мамандар форумын өткізу жоспарланған.

Қазан айында халықаралық «Green Aral: Volunteers for Life» халықаралық еріктілер апталығы аясында Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылады.

Таңбалар: еркін кездесужастарҚызылордаМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist