17 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?

1 Шілде 2026 20:08
- Жаңалықтар, Жаһан
Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 1 шілде. Беларусь лидері Александр Лукашенканың РФ диктаторы Владимир Путинмен Валдайда оңаша кездесіп шығысымен неге аяқ астынан Щи Жиңпиңге ұшып баруының себебі белгілі болды. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Александр Лукашенканың Қытай жедел ұшып барып, республика райысы Щи Жиңпиңмен кездесуінің астарында жатқан ақиқатты ресейлік саясаттанушы Сергей Меркелов «Царьградқа» берген сұхбатында ашып берген. Оның айтуына қарағанда, алдын ала жоспарланбаған бұл кездесудің барысында Минск мен Бейжіңнің арасындағы екіжақты қарым-қатынас мәселесі екінші қатарға ығысып қалған, басты тақырып бұл болмаған.

Сарапшы сапардың басты мақсаты Лукашенканың Ресей президенті Путин сеніп тапсырған делдалдық рөлін орындауы жайында болған.

Белорус лидерінің Бейжіңге Мәскеу түбінде ресейлік көсеммен жабық форматта өткен кездесуден кейін бірден ойламаған жерден ұшып шыққаны белгілі. Осыған байланысты Меркелов Валдайда Путин мен Лукашенка өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі жайында егжей-тегжейлі сөйлескен болулары керек екенін алға тартады. Сондықтан белорус басшысы мұнда болған әңгіменің барлық ырға-жырғасын жеке, көзбе-көз баяндап беріп, оны енді Щи Жиңпиңмен талқыға салғанды, оның «айналмалы жолын» қалай қарастырудың ақырғы шешімін сол жақтан күтуді мұрат тұтқан секілді.

Саясаттанушы Лукашенканың бұл сапары іс жүзінде өзгеріп бара жатқан геосаяси жағдайға Ресей мен Беларусь тарапының бірлесе жасаған реакциясы деп түсіндіреді. Олай болса, Александр мұнда Владимирдің тікелей нұсқауы бойынша барып отырған сияқты.

Бұдан бөлек, Меркелов Беларусьтің Украинадағы соғыста бейтараптық позиция ұстап отырғанын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Ол бұған айғақ ретінде қазір Беларусь территориясында Ресей әскерлері мен тактикалық ядролық қаруы бар екенін еске салды.

«Беларусь, әрине, Киевке орасан зор қару-жарақ беріп отырған Еуропа секілді Ресейдің ұрыс қимылдарына тікелей қатысып отырған жоқ, бірақ территориялық және саяси жағынан толық біздің жағымызда тұр», – деді ол.

Бұдан алдын Бейжіңде ҚХР мен Беларусь басшыларының кездесуі үш сағаттан астам уақытқа созылғаны айтылған еді. «Қытай мен Беларусь – нәті берік достар. Біздің қарым-қатынастарымыз халықаралық турбуленттіліктің сынағынан өткен, біздің достығымыз тек қана нығая береді», – деп мәлімдеді Жи Жиңпиң.

Таңбалар: кездесуЛукашенкаШи Жиңпиң

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды
Жаңалықтар

DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды

12.09.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist